Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Табиғат - біздің досымыз
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Табиғат - біздің досымыз
Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауаптар.
Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар

ҰОІӘ дайындық
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Ендеше бір - бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз

ҰОІӘ өткізілуі
Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.
Бір жерінде ыстық
Бір жерінде суық
Бір жерінде күн
Бір жерінде түн
Керемет алып неткен
- Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы: тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.
Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар, жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?
Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.
Ғажайып сәт
Экраннан хатты оқу
Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.
Хат
Сәлеметсіз бе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын.
Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып, сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
«Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі
Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы
Табиғат - біздің досымыз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама