depositphotos.com
- 25 мам. 2026 19:00
- 24
Ақтөбеде ат үстіндегі жарақат салдарынан мүгедек болған азаматқа 12 миллион теңге өндірілді
Ақтөбедегі №3 сотына материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арыз келіп түсті. Талап-арызға себеп болған жағдай – атпен серуендеу кезіндегі сәтсіздік, салдарынан ер адам мүгедек болып қалған. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талапкердің айтуынша, демалыс аймағында атпен серуендеп жүргенде ол аттан құлап, сал ауруына шалдыққан.
Сот шешімі
Сотта жауапкер О. техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамағаны анықталды. Осының салдарынан талапкер А. жарақат алып, ауруханаға жатқызылып, бірнеше ота жасатып, 2-ші топтағы мүгедектікке ие болған.
Сот жауапкердің кінәсінен талапкерге материалдық шығын мен моральдық зиян келтірілген деген қорытындыға келді. Сот шешімімен одан 2 270 098 теңге материалдық залал және 10 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді.
-
A Kazakhstani man has successfully sued for damages after a horse riding incident left him paralyzed, highlighting the importance of safety protocols.