Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың құндылығы: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам - табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
- оқушыларды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
- ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Ресурстар(құралдар): интерактивті тақта, үнтаспа, бейнетаспа, энциклопедия, Қазақстан табиғаты, экологиялық тақырыптағы слайдтар.
Сабақтың әдісі: тыныштық сәті, әңгімелесу, бес жолдық өлең, топтық жұмыс, топпен ән айту, шығармашылық жұмыс, т. б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, биология, әдебиет, ән - әуез

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындау.
Тыныштық сәті.
Баяу әуен қосылады. Оқушылар түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. Мұғалім биязы, жағымды дауыспен айтады:
«Балалар, өздеріңізді табиғат аясында серуендеп жүргендей көз алдарыңызға елестетіңіздерші!». Сіз жасыл шалғын көгалда жалаңаяқ келе жатырсыз. Сіздің табаныңыз жұп - жұмсақ шөптің жылуын сезінеді. Тыныштық. Бетіңіз бен шаштарыңызға соққан самал желдің лебі келгендей болады. Тап - таза саф ауаны рахаттана жұтамыз.
Терең тыныс аламыз. Тыныштық. Жан - жағымызда күннің шуағымен жайқалып өсіп тұрған алуан түрлі өсімдіктер мен гүлдер. Иістері жұпар аңқиды. Терең тыныс аламыз. Тамылжыта сайраған дала құстарының даусы мен сылдырлап ағып жатқан өзеннің даусы да келеді құлағымызға.»
Тыныштық. Терең тыныс ала отырып, көзімізді ашып, сабағымызға ораламыз.»

Үй тапсырмасын тексеру.
Қ. Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» әңгімесін оқып келу, сұрақтар беру арқылы мәтіннің мазмұнын талдау, автордың негізгі түйінді ойын айту.
Тақтада қайың ағашының суреті көрсетіледі, қысқаша мәлімет беріледі.
- Бұл не? (қайың)
- Қайың қандай өсімдік?(ағаш)
- Қазақстанда қайда өседі?(Солтүстік облыстарда)
- Адамдар не үшін пайдаланады?(құрылыста, өнеркәсіпте)
- Қандай пайдасы, маңызы (емдік қасиеті бар сусын дайындалады, ауаны тазартады, әдемі, сұлу ағаш, табиғатқа көрік береді)
- Енді шығармада айтылғандай адамдар неліктен табиғатқа залал келтіреді деп ойлайсыздар?
- Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайларға апарып соғады?
- Табиғат пен адамдар арасында қандай үйлесім бар?
- Адамзатты табиғат қорғаудың қандай мәселелері алаңдатады?

К. Салықовтың «Арал кеуіп кетпесін» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Слайд «Табиғатты қорғамау - болашақты ойламау»

Шығармашылық жұмыс. Топтық сайыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Топтарға тапсырма беріледі.
1. «СУ», «Ауа», «Топырақ» деген атауларды таңдап алады. Өз атауына байланысты мағлұмат беру.
2. «Тапқыр болсаң...» Жұмбақ шешу
3. «Нақыл сөзді аяқта»
4. Табиғат жайлы бір шумақ өлең құрастыру немесе жатқа өлең оқу.

Топтық жұмыстың тапсырмалары.
«Су» тобына.
Жұмбақ: Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерді кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Нақыл сөзді аяқта.
«Бабалар еккен шынарды.... саялайды.»

«Ауа» тобына.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жас шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін
Іші кең – бәрін салса, толмайтұғын.

Нақыл сөзді аяқта.
«Атаңнан мал қалғанша,...»

«Топырақ» тобына
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.

Сабақты қорытындылау. ( мадақтау, белсенді топты ерекше атау )
Топпен ән айту. « Атамекен» әні»

Тақтада: Қазақстан картасы, табиғаты жайлы бейне суреттер, сазды әуен, нақыл сөздер көрсетіледі.
Үйге тапсырма: Қадір Мырза - Әлінің «Табиғат тазалығы» өлеңін оқып келу.
Соңғы тыныштық сәті. Тыныштық, тыныштық! Тыныштық барлық жерде, тыныштық бүкіл әлемде!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама