Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Табиғаттағы су айналымы
Тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Мақсаты:
1. Судың физикалық қасиеттері туралы білімдерін тиянақтап, судың табиғаттағы айналымы туралы түсінікті меңгерту
2. Балалардың ой - өрісін, тілін, дүниетанымын дамыту
3. Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға баулу
Сабақтың көрнекілігі: географиялық карта, тірек – сызба, тау жыныстары

Сабақ барысы
І. Кезең
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпты қайталау
«Пайдалы қазбалар» (сұрақ – жауап)
3. Блиц – сұрақ. «Тез айт, қысқа айт, дұрыс айт» (өзектендіру)

ІІ. Кезең
Жаңа сабақ
1. Кіріспе (әңгіме)
а. Тақырыпты жариялау
б. Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу
в. Ауа - райын бақылап, жазып алу

2. Тақырыпты өз бетімен меңгеру
а. Су туралы не айта аласың?
б. Су туралы мақал – мәтел еске түсірейік
в. Мәтінді іштей оқып шығу
г. Топтарға тапсырма беру
(талдау, түсіну, қорытындылау, тірек – сызба дайындау)
І топ. Су – ғажайып зат
ІІ топ. Су – тіршілік көзі
ІІІ топ. Су – табиғатта ең көп таралған зат

3. «Түсіндір, көрсет, дәлелде»
(Әр топтан бір бала тақтаға шығып, құрастырған тірек – сызба бойынша ойларын қорытындылап, түсіндіреді)

4. Мұғалімнің түсіндірмесі
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстаудағы су мәселесі
Жаңа ақпарат: гидросфера, судың химиялық формуласы
5. Бекіту
а. Оқулықпен жұмыс (Мәтінді тізбектеп оқыту)
б. Сұрақ – жауап арқылы талдау
в. Ертегі айтып беру
«Бұлтша қыз»

6. Сергіту «Жаңбыр жауғанда»

ІІІ. Кезең
Деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей (5 ұпаймен бағаланады)
1. Судың үш күйі (сызбаны аяқта)
2. Жер бетіндегі судың таралуы (диаграмманы боя)
Тексеру. Бағалау

ІІ деңгей (4 ұпаймен бағаланады)
1. географиялық диктант
не? неше?
Сусыз (тіршілік) жоқ. 70 кг адамның денесінде (50) кг су бар. Табиғаттағы су неде?
үнемі (айналыста) болады
2. Географиялық картамен жұмыс
«Мен көрсетемін, сен атауын жаз»
а. Мынау – қай теңіз? (Каспий)
б. Мынау – қай өзен? (Ертіс)
в. Мынау – қай көл? (Балқаш)
(Балалар бірін – бірі тексереді)
Бағалау

ІІІ деңгей (3 ұпаймен бағаланады)
Әңгіме жазу
«Табиғаттағы су айналымы»

Шығармашылық тапсырма.
Судың маңызы, суды қорғау, үнемдеу туралы шағын эссе жазу.
Егер су болмаса...
IV. Қорытындылау

Нені оқыдық?
Қалай оқыдық?
Не үшін оқыдық?

V. Бағалау
5+4+3=12 ұпай – «5»
5+4=9 ұпай – «4»
5 ұпай – «3»

VІ. Үйге тапсырма беру.
Деңгейлік тапсырмалардың қалғандарын орындау.
Тәжірибеге дайындалу
1. Су – мөлдір, түссіз зат
2. Су – еріткіш
VІІ. Аяқтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама