Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Тағы туып, 10 балаға жеткізсін»: Абай Бегейдің қызы екінші анасын қолдап шықты

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Бегей әлеуметтік желіде әкесі мен оның жары Фариза Жұманова туралы айтылған сын пікірлерге жауап берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жуырда әнші сегізінші рет әке атанып, отбасында жаңа жан дүниеге келген еді. Бұл қуанышты жаңалық желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Алайда, қуанышпен қатар, кейбір желі қолданушылары әншінің отбасына қатысты жағымсыз пікірлер қалдырған. Солардың бірі: «Қыздарымен қатарласып туып жатыр екен. Бауыр берік болсын», – деп жазды.

Әкесінің қызы анасын қорғады

Аталған пікірлерге жауап ретінде Гүлеркем әкесінің отбасын қорғап, өз ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, Фариза Жұманованың жасы бала сүюге әбден лайық.

«33 жастағы әйел тумағанда, кім тууы керек? Денсаулығы көтерсе, 40 жасқа дейін тағы да бала сүйіп, санын 10-ға жеткізіп, әкеміздің арманын орындасын деп отырмыз. Тіпті 50 жаста босанып жатқандар бар ғой. Неге дәл бізге келгенде бәрі басқаша қабылданады?» – деп жазды Гүлеркем.

Жаңалықтар

Жарнама