Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар. Сауда саласындағы мамандықтар.
Сыныбы: 9
Тақырыбы: Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар. Сауда саласындағы мамандықтар. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар мен сауда саласындағы мамандықтар түрлері туралы түсінік беру.
б) Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, елімізге өз үлесін қоса білетін маман иесі болуға тәрбиелеу.
в) Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (ойын)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, тест
Пәнаралық байланыс: сызу, география, қаржы сауаттылығы, психология

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Мамандықты қандай талаптарға қарай таңдау керек?(таңдаған мамандық адамға ұнауы керек, жұмысты алып жүре алатындай қабілеті болуы керек, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет)
2. Америкалық психолог Д. Холанд кәсіби ортаны неше типке бөледі? ( алтыға: реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, кеңселік)
3. Реалистік типке сипаттама бер.( Реалистік типке құнтты, ұқыпты, ұтымды, дағдылы іспен айналысатын адамдар жатады)
4. Е. Климов кәсіби ортаны неше типке бөледі?( беске: адам - табиғат, адам - техника, адам - өнер, адам - белгілі жүйе, адам - адам)
5. « Адамның кәсіби ортасына сәйкес келуі, еңбек жолында жақсы табыстарға жетуіне, өсуіне кепілдік береді», - деген теорияны кім ұсынды? ( америкалық психолог Д. Холанд )

Миға шабуыл.
Берілген мамандықтарды Климов ұсынған типтерге бөліп жазу.
Мамандық үлгілері:
Агроном, фермер, токарь, дәрігер, шахтер, биолог, сатушы, бағбан, мұғалім, жолсерік,
бағдарламашы, суретші, кассир, дизайнер, инженер, банкир, ғалым, жазушы, фотограф.
1. Адам – табиғат: агроном, фермер, биолог, бағбан.
2. Адам – техника: токарь, шахтер, инженер.
3. Адам – адам: дәрігер, сатушы, жолсерік, мұғалім.
4. Адам – белгілі жүйе: бағдарламашы, банкир, кассир, ғалым.
5. Адам - өнер: фотограф, жазушы, суретші, дизайнер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тамақ өнеркәсібі саласына халықты азық - түлікпен қамтамасыз ететін өндірістер жатады. Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтарға: кондитер, инженер - технолог, технолог мамандықтары жатады. Технолог мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол шикізатты қабылдап алудан бастап, орап дүкенге жібергенге дейінгі жұмыстарға жауап береді. Технолог жан - жақты білімді болу керек. Макарон өнімдерін өндіретін технолог кондитерлік фабрикаларда, наубайханаларда, зауыттарда жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіпке мынадай мамандықтар жатады: иіруші, тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, ал салаларына: тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары жатады.

Сауда – бұл өндіріс сферасы мен тұтыныс сферасында тауар айналымын жүзеге асыратын шаруашылықтың бір саласы. Сауда саласындағы мамандықтарға: сатушы - консультант, азық - түлік сатушысы, сауда өкілі, мерчендайзер, сауда агенті, сатылым менеджері, контролер - кассир т. б жатады. Сатушы - консультант тауар түрлеріне, оның қасиеттеріне сипаттама береді. Сатып алынған заттың жалпы бағасын шығарып, чегін тексереді. Босаған сөрелерді дер кезінде тауарлармен толықтырып тұрады. Сауда өкілінің міндеті – шағын көтерме тауарларды дүкендерге, дәріханаларға, супермаркеттерге жеткізу туралы келісімшарт жасау. Мерчендайзерлер өнімдерін және жарнамалық материалдарын фирмалар мен дүкендерге орналастырумен айналысатын қызметкер. Сауда агенті – жылжымайтын мүлік саудасымен немесе сақтандыру қызметімен айналысады. Яғни тауарды тікелей адамдарға сатумен айналысады.
Көтерме сауда менеджері – тауардың өте үлкен партиясын сатумен айналысады. Мысалы: құрылыс материалдары, металлопракаттар, дәндік дақылдар, бөлшектер т. б.

ІҮ. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Сөздікпен жұмыс.
1. Кондитер – конфет, торт т. б тәтті тағамдарды даярлайтын маман.
2. Трикотаж – жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата.
3. Галантерея – ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика.
4. Конструктор – бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы.
5. Модельер – сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман.
6. Иіруші – жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.

Ү. Жаңа түсінікті тексеру.
1. Тамақ өнеркәсібіне тән мамандықтарды ата.(кондитер, инженер - технолог, технолог)
2. Иіруші дегеніміз кім?(жүннен, мақтадан ұршықпен жіп есуші, ширатушы)
3. Сауда өкілінің міндеті (шағын көтерме тауарларды дүкендерге, дәріханаларға, супермаркеттерге жеткізу туралы келісімшарт жасау)
4. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?(тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары)
5. Шарап ашытушы технолог қандай пәндерді білу керек?(физика, химия, биология)

ҮІ. Сабақты бекіту.
1. Сауда саласындағы мамандықтарды ата (сатушы - консультант, сатушы, сауда өкілі, сауда агенті, кантролер - кассир, мерчендайзер, сатылым менеджері)
2. Галантерея дегеніміз не? (ұсақ - түйек бұйымдар шығаратын фабрика)
3. Мерчендайзер қандай қызмет атқарады? (өнімдерін және жарнамалық материалдарын фирмалар мен дүкендерге орналастырумен айналысады)
4. Сауда процесінде неше адам қарым - қатынас жасайды? (сатушы мен сатып алушы)
5. Жеңіл өнеркәсіпке тән мамандықтарды ата (тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, иіруші)

ҮІІ. Сабақты қорыту.
Тест.
1. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?
а) маман; б) мамандық; в) кәсіпкер.
2. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне қажет?
а) суретші; б) сатушы; в) әнші.
3. Тауар түрлеріне, оның қасиеттеріне сипаттама беретін маман:
а) маклер; б) контролер - кассир; в) сатушы - консультант.
4. Жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы
а) тоқымашы; б) иіруші; в) тігінші.
5. Адам өнеріне жататын маман:
а) сатушы; б) агроном; в) дизайнер.
6. Сатушыға қандай талап қойылады?
а) шеберлік; б) шыдамдылық; в) күш иесі.

ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасы.
1. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар. Сауда саласындағы мамандықтар.
2. « Мен таңдаған мамандық» тақырыбына эссе жазу.

Баяндаманы аяқтай келе, өз іс тәжірибеме тоқталып өтейін. Технология сабағы оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруда маңызы зор пән деп айтар едім. Себебі, «Ауыл шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Сәндік қолданбалы өнер», «Тамақ әзірлеу технологиясы» т. б тақырыптар төңірегінде оқушылар белгілі бір мамандыққа, жеке тұлға болып қалыптасуға икемделеді, бейімделеді.
Өзім сабақ беретін сыныптарда еңбек ету - әрбір адамның міндеті екенін үнемі айтып отырамын. 9 - сыныпта «Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар», «Сауда саласындағы мамандықтар» деген тақырыптарда ашық сабақ өткіздім. Малтабар Алмат ауылды жерде көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, осы шаруашылыққа қатысты мамандық таңдағысы келетінін және ауру малдарды емдеп өз үлесін қосқысы келетінін айтып өтті. Басқа да оқушылар өздері таңдаған мамандықтары, оларды не үшін таңдағаны туралы өздерінің пікірлерін ашық білдірді. Бұл да болса, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуының бір көрінісі деп білемін.
Сабақтарда, сыныптан тыс сабақтарда қазақтың ұлттық тағамдары, киімдері, бұйымдары жайлы сұрақтар қоямын, ұлттық бұйымдарды жасауға, тігуге тапсырма беремін. Мысалы, құрақ құрау, киіз үй макетін жасау, текеметтің оюын ою т. б. Сонымен бірге, ұршық иіру, жүн тұту, сабау секілді ата - бабадан келе жатқан ұлттық мұраларымызды қосып отырамын. «Ас – адамның арқауы»,- демекші «салат даярлау», «тәтті тағамдар» жасауда да қыздар өздерінің шеберліктерін көрсетіп жатады. Атап айтсам, Пернебай Сәния, Есболат Аружан, Сайынбай Үміт, Жұман Нұрлан, Майлыбай Рүстем т. б оқушылар.
Ұлттық бұйымдар, тағамдар т. б тақырыптар төңірегінде реферат жазуға беремін. Мұндай жұмыстар оқушыларды ізденімпаздыққа, материалды жан - жақты зерттеп, талдауға, қорытынды жасауға үйренеді. Сонымен бірге ұлттық дүниелерімізді есте сақтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі технология. №7 - 2010 жыл
2. Мектептегі технология. №11 - 2011 жыл
3. «Еңбекке баулу» пәнін оқыту әдістемесі. 1-4 сынып. Күнпейіс Жұмахан. Алматы «Дарын» 2005ж.
4. Интернеттен алған материал.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама