Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 22 сәу. 2026 01:00
- 38
Танымал блогер Моңғолия президентімен кездесті: «Өнерімізді бағалағанына қуаныштымыз»
Қазақстандық танымал блогер Нұргелді Кердеш әкесімен бірге Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.
Блогердің айтуынша, бұл кездесу оның әкесімен бірге өтті. Ол Моңғолия басшысының қазақ өнерін бағалағанына ризашылығын білдірді.
«Бүгін әкем екеуіміз Моңғолия елінің президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды адамдар өнерімізді бағалайтынына өте қуаныштымыз. Монғолиядағы оқырмандарыма ыстық сәлеміміз болсын. Жақында сіздермен жолығамыз», - деп жазды Нұргелді Кердеш.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
-
«Атырау Жарық» компаниясы тұрғындарды электр энергиясының уақытша өшірілетіні туралы хабардар етті. Нақты уақыт пен мекенжайларды біліңіз.