Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Тарих сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау жүйесі негізін қалыптастыру
Тарих сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау жүйесі негізін қалыптастыру

Отандық тарих туралы білім негіздерінің мазмұнын айқындауда жетекші идея ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар, олардың өзара байланысты бірін - бірі толықтыруы, білімді демократияландыру және ізгілендіру бетке ұсталды.
Жалпы сабақ жүргізу барысында пән мұғалімдері педагогикада белең алған дидактикалық және әдістемелік ұстанымдармен қоса, пәнге тікелей қатысты спецификалық ұстанымдарға жүгінеді
Оларға мыналар жатады:
- тарихилық ұстанымы;
- еуро центризмнен бас тарту;
- ел Конституциясының және өзге заңдардың, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған идеологиялық шаралардың рухына сәйкестілігі.

1. Тарих пәні бойынша тарих бағдарламасындағы қамтылған материалдарды сабақ барысында түсіндіруде, білімдік, тәрбиелік, ақыл ойды дамытушылық міндеттері жолға қойылып отырады.
Білімдік міндетін орындау арқылы жаңа материалдың ең негізгі мәселелерін ұғымдарын, оқиғаларды ашып, солардың барлық оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы, ал тәрбиелік міндет - тәрбиелік маңызды аса күшті тарихи материалды топ басып тауып, оны "ерекше"- оқытып үйрету, яғни оқушылардың ішкі жан дүниесіне әсер ету болса, дамытушылық міндеті - сабақтың барлық кезеңдерінде де оқушылардың интеллектуалдық қасиеттерін талғам, таным қызметтерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізу.

Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыруға, тарих сабағындағы барлық сыныптардағы ұлт - азаттық күрестерге байланысты тақырыптарды таңдауға басты назар аударылады.
Қазіргі сабақ барысында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлау" жүйесінде жеке тұлғаларға сипаттама беру, оларды салыстыру арқылы ерекшеліктерін табу, соған орай өз пікірлерін ортаға салу арқылы тәрбие жұмысы жүзеге асады.
Тарих курсында ұлт - азаттық қозғалысқа байланысты кез - келген тақырып, оқушылардың бойында, қанауға ұшыраған халықтарға байланысты оларды қолдау сезімін қалыптастырады. Мұның үлкен саяси - тәрбиелік мәні бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама