Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Тасшүйгін

Тасшүйгін (патриния средняя, валериана каменная, Patrinia intermedia Horn.) — биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы тармақталған және жуандығы 3 сантиметрге жететін тамыры, тік өсетін қысқа түктермеп жабылған сабақтары бар. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, олар сабақтарының түбінде шоғырланып тұрады. Сабақ жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді және қауырсын тәрізді тілімделген. Гүлдері майда, сары түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында теп-тегіс болып шоғырланып тұрады. Гүл қоршауы қоңырау тәрізді. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Жартастардың бастарында, тастақты беткейлерде, тау етектерінде өседі.

Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын жаздың ортасынан бастап күздің аяғына дейін жинап алады. Оның құрамында 13 процент тритерпен сапониндері және алкалоидтер, илік заттар, қанттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар болады.

Тасшүйгіннің тамырынан жасалған дәрілердің нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Ол сапа-қасиеттері жөнінен дәрілік шүйгіншөптен артық. Ұлы Отан соғысы жылдарында тасшүйгінді дәрілік шүйгіншөптің орнына пайдалануға рұқсат етілді. Осыған байланысты өсімдікті ұйқы қашқанда, нерв жүйесі қажығанда, жүрек қатты соққанда ем үшін пайдаланады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

10 грамм ұнтақталған өсімдік тамырын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама