Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Тәуелсіздік – аманатымыз!

Ата-бабамыздың аңсауымен, ер жүректі аға-апаларымыздың қайсарлығымен, қанымен, жанымен  келген  киелі Тәуелсіздігім!  Егемен ел болып, есімізді жиғалы көзді ашып-жұмғанша 30 жыл да өте шығыпты. Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ой-санасы толысқан, орда бұзар 30-ға да келді. 30 жыл – аз уақыт емес. 30 жылда біз қандай жетістіктерге жеттік? Елдігімізді нығайта түсу үшін тағы не істей аламыз? деген сауалдар әрбірімізді толғандырады.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ елінің соғыссыз, шайқассыз өткен күні болмаған. Сонау Ақтабан шұбырындыдан бастап, кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына дейін қазағым өз жерінде басын төмен түсіріп  өмір сүріп келді. «Бүгінде біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі- қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол сындарлы уақытта  қайсар аға-апаларымыз елім деп, жерім деп шырылдап, жандарын аямай көтеріліске шықпағанда Тәуелсіздікке қол жеткізе алмас едік.  Сондықтан азаттық жолында қанын төгіп, жанын берген ата-баба аманаты- Тәуелсіздігімізді қастерлеу, бағалау әрбір Қазақстандық азаматтың парызы.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды нық, сенімді басып, елімізді басқа елдерге мықты мемлекет ретінде таныта алдық.  Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық  идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Меніңше, осындай халге жетуіміз Құдайдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек.

Омарова Ырысты
Кешкі (ауысымды) мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама