- 05 нау. 2024 02:50
- 145
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіздік ел – тілегі
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков суреттері, «Қазақ елі» бейнефильмі.
Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
— Бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді Қазақстан Республикасының ән ұранынан бастайық.
— Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел –....
— Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова сынды аға - апаларымыз ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның қандай дамып көркейгенін «Қазақ елі» бейнефильмінен тамашалаймыз.
— Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
— Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?
— Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
— Елтаңбамызда ненің бейнесі бар?
Алдар Көсе домбырасымен әндетіп топқа кіреді.
Мен алдармын, алдармын
Бәрінді де алдармын о - о, а - а. - Алдар Көсе:
— Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма ала келдім. Осы тапсырмамды орындасаңыздар мен сіздерді Астана қаласында болып жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына алып барамын. Мерекеге барғыларың келе ме?
Ендеше, тапсырманы орындаймыз ба?
(Бәйтерек монументін құрастыру)
Тәрбиеші: Қане бәріміз қатарға тұрып «Атамекен» әнімен мерекеге барайық.
— Мерекеге де келіп жеттік, біздің қаламыз қандай тамаша безендірілген. Түрлі жалаушалар, шарлар ілінген.
Жұмбақ.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Алдар Көсе:
— Балалар, Отан туралы қандай тақпақ, мақал – мәтелдер білесіңдер, кім айтады?
Тәрбиеші:
- Алдар Көсе біздің балаларымыз өнерлі, би де билей алады.
Би: «Көк тудың желбірегені».
Алдар Көсе: - Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер, сендердің билерің маған ұнады. Рахмет, сендерге!
Алдар Көсемен қоштасады.
«Атамекен» әнімен балабақшаға қайтады.
Қорытынды: — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды?
— Бізге қонаққа кім келді?
- ҚР - ның рәміздеріне нелер жатады?
Бекітемін________________
«Ақбота»балабақшасының
әдіскері: Р. Дуймбаева
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.