Тәуелсіздік тұғыры
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры
Білімділік: баланың туған жері, елі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: осы қиын, зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына дамыту
Тәрбиелік: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Елімізге тыныштық тілейміз!
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Бәріміз дос болайық!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір жылыдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде үш ай бар.
Қыс мезгілінің ай аттарын атап бер?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Апта күндерін кім атап береді?
Бір аптада жеті күн бар.
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз
- Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы
- Қай облыста тұрамыз?
- Маңғыстау облыста тұрамыз
- Маңғыстау облысының қай қаласында тұрамыз?
- Жаңаөзен қаласында тұрамыз
- Жарайсыңдар балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Біз бүгін айналамен таныстыру оқу іс – әрекетінен «Тәуелсіз тұғыры» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны тарихына айналады. 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.
1986 жылы қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар – намысын қорғай алатындығын көрсетіп, ел намысын аяқ асты етпеймін деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл – қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Олардың есімдері ел есінде мәңгі сақталады. Кейіннен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
1986 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Міне осындай наразылықтың салдарынан қазақ студент жастары өз елімізді қазақ азаматы басқарсын деген ниетпен бейбіт шеруге алаңға шығарды. Бірақ, оларды қолдарында қаруы бар әскерлер ұрып, соғып, түрмеге қамайды. Қасық қаны қалғанша елім – жерім деп тәуелсіздік аңсап, он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззатың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, Республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, демократияға жол ашу - тәуелсіздіктің алғашқы беті. Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма төрт жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтың сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата – бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады. Тәуелсіздікпен бірге өз еліміздің тілін, дінін қайтарып алдық. Қазір өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген Ата Заңымызбен бірге, Елтаңбасы, әнұраны, көк туы желбіреген, төл теңгесі бар Қазақстан деген алып мемлекетке айналдық. Нұрсұлтан Назарбаев сынды көрген президентіміздің бастауымен Қазақстан Республикасын бүкіл әлем таныды. Қазір Қазақстан экономикасы дамыған, аяғына нық тұрған, Астанадай бас қаласы бар ірі мемлекет. Астана зәулім ғимараттар, театрлар, әртүрлі ойын - сауық кешендері бой көтерген әсем қала. Мұнда әлемнің көптеген елінен туристер келіп, қаланың әсем көрінісін тамашалайды. сондай - ақ Н. Ә. Назарбаев елімізде жаңа заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталған мектептер мен балабақшалар санын көбейтті. Осының айғағы біз тәрбие мен білім алып отырған сәулетті, өте үлкен жап – жарық балабақшамыз.
Осындай бейбіт елде өмір сүріп отырғанымыз үшін біз қуануымыз керек.
Сергіту сәті:
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Балалар, ендеше Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтайық
1 - бала: Көк аспанда тулардың,
Желбіреген күні - бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжіреген күні - бұл.
2 - бала: Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні - бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні - бұл.
Қазақ болған күні – бұл.
Қорытынды: - Қандай оқу іс - әрекеті болды?
- Не жайында әңгімеледік?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біздің рәміздеріміз қандай?
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қай тілде сөйлейміз?
- Қ. Р. Елбасымыз кім?
Еліміз тыныш, Аспанымыз ашық,
Болашағымыз жарқын болсын - деп
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз