Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
▪ Білімділік: Оқушыларға Тәуке ханның тұлғасын, оның ел басқару жүйесін жетілдіруі, “Жеті жарғы” заңын таныстыру, білгірлікпен жүргізген сыртқы саясатының нәтижесін көрсету.
▪ Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
▪ Тәрбиелік: Тәуке хан сияқты талантты саясаткер және дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп, бағалай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Оқыту формасы: топтық жұмыс
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, Хандар портреттері

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (2мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 мин)
3. Жаңа сабақ (өзара оқыту) (10мин)
4. Бекіту(10 мин)
5. Қорытындылау (5 мин)
6. Кері байланыс (2мин)
7. Бағалау (5 мин)
8. Үйге тапсырма (1мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу
• Оқушыларды жүрекшелер таңдау арқылы 3 топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - тапсырма:
1топ: Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы 5мин
2топ: Қазақ халқының XVI - XVII ғасырлардағы шаруашылығы
3топ: Қазақ қалаларының жағдайы, олардың тоқырау себебін түсіндір, картадан көрсет
2 - тапсырма: Болжау технологиясы бойынша: Сөзжұмбақ
Т - өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартты” бұзған, 1582 - 1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған?
Ә - Ресей бодандығын алғаш қабылдауға ниет білдірген Кіші жүздің ханы? (1693 - 1748 жылдары)
У - 1711 жылы Абылай кімнің шаңырағында дүниеге келеді?
К - Ораз - Мұхаммед 1580жылы соғыс кезінде қай ханның қолынан жеңіліп тұтқынға түседі?
Е - Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп жариялап, 1598 - 1628 жылдары хан болды?
Х - 1582 жылы Тәуекел хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, 1538 - 1580 жылдары ел билеген қай ханның кегін қайтарды?
А - Үйсің Төле бидің түйесін бағып, Сабалақ деген ат берген 1771 - 1781 жылдары қазақ хандығын билеген хан?
Н - 1991 жылы 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш президенті 5мин

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Тәукенің хан тағына отыруы.
3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. «Жеті жарғы»
5. Ұлы билер.
Жаңа сабақты баяндау: І. Оқып, пікір талдау стратегиясы
3 - тапсырма: (Постер қорғау) 3 мин оқу, 4 мин постер жазу, 3мин қорғау
 1 - топ: Тәуке ханның билікке келуі
 2 - топ: «Жеті Жарғы» заңдар жинағы
 3 - топ: Ұлы билер 10мин

IV. Сабақты бекіту:
4 - тапсырма: «Қызыққа толы сиқырлы сандықша 5мин
 Жәңгір хан елді қалай басқарды?
 «Билер кеңесі» қай жерлерде өткізілді?
 Тәуке хан алдына қандай мақсаттар қойды?
 Жәңгір ханның кезінде Қазақ хандығының басына түскен қандай ауыртпалық?

5 - тапсырма: конверт - сұрақ: 4шындық - 1өтірік 2мин+3мин 5мин
1 конверт.
1. Орбұлақ шайқасы 1643 жылы болды +
2. Тәуке хан өз билігін күшейту мақсатында билерге арқа сүйеді +
3. 1584жылы Ермакты жеңген қазақ батыры Тәуекел ---- (Сәтбек)
4. «Қатаған қырғыны» Тұрсын ханға байланысты +
5. Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек +

2 конверт.
1. Жоңғарлардың 1680жылғы шабуылынан аман қалған қала – Түркістан +
2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы өмірге келді: Есім ханның тұсында ---- (Тәуке)
3. Қазақ хандығында ата - аймақты басқарған: ақсақал +
4. Қазақ хандығында Жүздің биін Орда би деп атаған +
5. Қазақ хандығында ру он немесе он бес аймақтан құралған +

3 конверт.
1. 1643жылы қазақ жеріне баса көктеп кірген ел: Жоңғар +
2. 1628 - 1652жылдары Қазақ ханы болған Есім ханның баласы – Тәуке ---- (Жәңгір)
3. «Жеті жарғы»заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке +
4. Алғашқы қазақ - бұхар шайқасы Айғыржар деген жерде болды. +
5. 1694ж. I Петрмен Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке +

Қорытындылау: 6 - тапсырма: «Футбол ойыны» 5мин
1-доп: Жеті жарғыда қарастырылған мәселелер?
2-доп: «Құн» деген не?
3-доп: Құрылтай дегенді қалай түсінесің?
4-доп: Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне қандай жаңалық енгізді?
5-доп: Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы?
6-доп: Тәуке ханның кезінде Қазақ хандығының қысқы ордасы?
7-доп: Ташкент қаласында жерленген би?

Кері байланыс: «Бағдаршам ойыны» 2мин
Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түстері арқылы сабақтың қалай өткенін, ұнады ма жоқ па өз эмоцияларын түстер арқылы білдіру.

Бағалау: Оқушылар өздерін бағалайды. 5мин
Үйге тапсырма: «Тәуке ханның ел билеуі» эссе жазу 1 мин

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама