- 27 қар. 2019 00:00
- 258
Тайшынның тарғыл бұқасы
Моңғол-қазақ жауласқан кезде, Тайшын деген сиыршыны атып кетеді. Иесіз қалған малды қазақтар айдап кетеді. Ертесі айдап келген сиырлар жоқ болып шығады. «Күншілік жерден әкелген мал ешқайда кетпес» деген оймен ізін шалса бір қора сиырды тарғыл бұқа қайырып ауылына таятып қалғанын көреді. «Еңбексіз малды қайта әкелгенмен мал болмас» деп қуғыншылар қайырмайды, десе де, тарғыл бұқаның қасиетін
ел көп сөз қылады. Осы оқиғадан «Тайшынның тарғыл бұқасы» деген күй шығады.