Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Тілашар ертеңгілігі
Тілашар
(Зал шармен, гүлдермен безендірілген.
Тақырыпқа сай слайдшоу жасалған)

Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеу, сыйлау, еңбекті бағалау.
Отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші:
Құрметті Ата – аналар, ұстаздар, тілашар тойына қош келдіңіздер. Бүгін біз бір жыл оқытып, тәрбиелеген балаларымызды 1 - сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын?
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Бір белестен өттіңдер,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышы бүгінгі,
Құтты болсын тойларың.
Қол соғып қошеметпен балаларымызды қарсы алайық.

Зейнеп: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.

Нұртілек: Біз бақытты баламыз.
Қақаз, қалам аламыз,
Ұстаздарымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

Хор: Мұғалім - ол біздің!
Молдаби: Алты жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме беттедім.

Жанбота: Мынау менің сезгенім.
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы.

Ән: Әнші балапан!

Зейін: Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата – ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

Би: Үнді биі

- Сәлеметсіздер ме балалар!
- Сәлеметсіз бе?
- Мені таныдыңдар ма?
- Иә.
- Мен кіммін?
- Білім ханшасысыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп
ашып, әліппе жазған кім?
- Ыбырай Алтынсарин.
- Ыбырай Алтынсарин аталарыңның «Кел балалар, оқылық» деген өлеңін
білесіңдер ме?
Нұртілеу: Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегеннің алдыңнан,
Сұрамай – ақ табылар.
Білім ханшасы: - Ой рахмет, ал енді сендер мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың «Әліппе» туралы тақпақ кім айтады?

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сыңғырлау селосы, "Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені" КММ - сі
Дайындық тобы жетекшісі Құрманбаева Жайлыгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама