- 05 нау. 2024 01:38
- 157
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» интеллектуалдық ойыны
6 - 7 сыныптар
Мақсаты:
а) Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
б) Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, қима қағаздар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тіл мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызды мен мәні бар айтулы мейрам.
2 - жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін.
1 - жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
2 - жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1 - жүргізуші: Ана тілім - арайлы шапағатым,
Ана тілім – сәнім мен салтанатым.
Ана тілім – таудағы таза бұлақ,
Ана тілім – мәңгілік махаббатым.
Ана тілім – қазағым, қазақ тілім.
2 - жүргізуші: «Тілім менің – тірегім» атты білім сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ойынымыз негізінен 8 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Таныстыру»
2 - кезең. «Сөз тапқанға»
3 - кезең «Тілдік лото»
4 - кезең «Білімпаздар»
5 - кезең «Қызықты ұйқастар»
6 - кезең «Кім жылдам?»
7 - кезең «Тіл – ел байлығы» (постер қорғау)
8 - кезең «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Ойынымыздың кезеңдерін қысқаша таныстырып өттік, ендеше ойынымызды бастайық.
1 - жүргізуші: Тоқтай тұр, ал ойынымызды кім бағалап, әділ бағасын бермек?
2 - жүргізуші: Бағалау - сараптау алқасы ғой!!!! Әрине!
1.
2.
3.
1 - жүргізуші: Ал ендеше бастайық! 1 - кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
2 - жүргізуші: 2 - кезең «Сөз тапқанға» деп аталады. Қазір сендер әріптен аласыңдар. Әр топқа сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс. Әр айтылған жауапқа 5 ұпайдан.
І топ сұрақтары:
1. Бүгін қандай күн?
2. Сен қайда тұрасың?
3. Жазда қайда болдың?
4. Нені жақсы көресің?
5. Сыныбыңда неше оқушы бар?
6. Қай пән ұнайды?
ІІ топ сұрақтары:
1. Досың көп пе?
2. Сенің сүйікті ақының?
3. Немен саяхат жасайсың?
4. Сенің қалаң қандай?
5. Кім болғың келеді?
6. Нені ұнатасың?
ІІІ топ сұрақтары:
1. Қандай құсты білесің?
2. Қандай фильм көрдің?
3. Жақсы көретін күнің?
4. Күз мезгілі ұнай ма?
5. Сенің сүйіп оқитын жазушың?
6. Саған қандай тағам ұнайды?
1 - жүргізуші: 3 - кезең. Тілдік лото. Интерактивті тақтада сандар жазылған торкөздердің асында сұрақтар жасырылған. Бұл сұрақтар қазақша, орысша және ағылшынша тілде берілген.
9 ұяшық
1. 10 ұпай. Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыр. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2. 10 ұпай. Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыр. Піл көтермегенді тіл көтереді.
3. 10 ұпай. Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыр. Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал.
4. 20 ұпай. Мұғалім сөзінің синонимі. Оқытушы, ұстаз.
5. 20 ұпай. Когда отмечается день языков народов Казахстана. 22 сентября
6. 20 ұпай. What is your native language? My native language Kazakh language.
7. 30 ұпай. Capital city of Greay Britain. London.
8. Мұқағали Мақатаевтың тіл байлығы тақырыбына арналған өлеңі.
9. Әннің атауы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.