Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
«Тірі болсаң, бір хабарыңды берші...»: Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы 9 күннен бері хабарсыз

Белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен кейін оралмады. Ол 9 күн бойы хабарсыз кеткен күйінде қалып отыр. Бұл туралы анасының келіні, Баирдің жұбайы Ұлжан Шәріпбекова Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» бағдарламасында айтып берді.

Ұлжан Шәріпбекованың айтуынша, бұған дейін Баир бір-екі күнде хабарласып, жағдайын айтып отыратын болған. Алайда, соңғы 9 күн бойы одан еш хабар жоқ. Ол 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сұхбат кезінде Баир Сиқымбаевтың үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды. Сондай-ақ, оның алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін деген де күдіктер бар.

Маңызды ақпарат білсеңіз, +7 777 983 7896 нөміріне хабарласуға болады.

Жаңалықтар

Жарнама