Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 минут бұрын)
«Тірі еркек алып келмедің бе?»: Мақпал Жүнісованың концертіндегі сөзі жұртты күлдірді

Танымал әнші Мақпал Жүнісованың Алматыда өткен концертіндегі бір сәті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жұртшылықтың қызу талқысына айналды. Концерттің қызықты сәтінде актер Жанатбек Байтеков әншіге үлкен ақ аюды сыйлық ретінде табыстады.

Бұл тосын сыйды көрген Мақпал Жүнісова алғашында таңданысын жасыра алмағанымен, кейін өзінің тапқырлығымен көпшілікті күлкіге қарық қылды. Әнші сыйлықты қабылдап алып, былай деп жауап берді:

«Байың жоқ, осыны құшақтап жат дегің келіп тұр ғой. Бұны бергенше тірі еркек алып келмедің бе?»

Бұл әзіл әншінің шынайылығы мен ойындағысын ашық айта білетін мінезін көрсетеді. Көрермендер әншінің бұл әзіліне ризашылығын білдіріп, оның тапқырлығына тәнті болды.

Актер Жанатбек Байтеков те әншіге деген құрметін білдіріп, «Мақпал апайымыздың концертіне қош келдіңіздер. Апайымыздың өзі де, өмірі де, құшағы да гүл. Елдің нағыз еркесі, халықтың қалаулысы», — деп жылы лебізін жеткізді.

Айта кетейік, әнші Мақпал Жүнісова өзінің 40 жылдық шығармашылық мерейтойына орай облыстарды аралап, жеке концерттерін беріп жүр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама