- 24 жел. 2019 00:00
- 228
Тіс- саулықтың,әдеміліктің шынайы көрінісі
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Бөгетсай мектеп-гимназиясы
9-класс оқушысы
Разақбергенова Гүлжан
Тіс- саулықтың,әдеміліктің шынайы көрінісі
Стамотология-тіс құрылысын зерттейтін ғылым.Тістер-қатты жасушалардан тұратын,азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті құрылым.Жануарларда қорғану және шабуыл үшін қару ретінде қолданылады.Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін күлудегі маңызды компонент.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады.Тістерде сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі.Балаларда сүт тіс 3 айдан бастап 1жас шамасы аралығында шығады.Сүт тістер 6-12 жас аралығында біртіндеп тұрақты тістерге алмастырылады.Тістер пішініне қарай күрек тіс,ит тіс,кіші және үлкен азу тістер болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты,оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі ,және екі түбірлі және үш түбірлі юолып бөлінеді.Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тісжәне ит тіс жатса,үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі,ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.Тістің барлық саны-32.Олар адамның аузында үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады.Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен/кереукемен/қапталады,оның астындақатты затдентин жатады.Адамның тісі- оның негізгі мәшинесі.Өйткені қандай тамақ болмасын тіспен шайнап жейді.Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды.Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.Тістің түсіп қалуы ауыз гигиенасын сақтамағандықтан болады.Сол себепті тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.Ауыз қуысының жеке гигиенасын негізгі -тістерді дұрыс және үнемі дұрыс тазалап отыру.Адамның ауыз қуысында үнемі бактерилар жүреді.Алғаш рет сол бактерияларды тіс қағында голланд ғалымы А.Левенгук/1863 жылы/анықтады.Тамақты шайнағанда ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді,бұл эмальды бұзады.Сол себепті тісті тамақтан соң тазалап,жуып тұру керек.Тіс щеткасы осыдан 1000 жылдай уақыт бұрын араб еліндегі мұсылмандардан тараған./Арак/ағашынан дайындалған тіс щеткасы/мисуж/ деп аталған.Біртін келе,тіс щеткасы Қытайда жасалды.Көп ұзамай оны саудагерлер еуропаға апарған.Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты,екіншісі тым жұмсақ болғандықтан,нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасы шығарылды.Қазіргі біз пайдаланып жүрген тіс щеткасының тарихы осындай.Тіс щеткасын таңдағанда-балаларға арналған тіс щеткасының сабы қалың болса ол ұстауға ыңғайлы.Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
Тістің саулығын қалай сақтаумыз қажет?Ол үшін тісімізді әр тамақтанудан соң жуып отыруымыз,бактерияға қарсы қорғанысты ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін фтордан тұратын тіс пастасын пайдаланып,тіске арналған жіптерді,тісті шаятын арнайы сұйықтықтарды қолдануымыз қажет және де ең бастысы жылына екі реттен кем емес тіс дәрігеріне көрініп тұруымыз қажет.Сау тістермен күлімсіреу-бұл саулықтың,әдеміліктің,сәнділіктің және мәртебеліктің шынайы көрінісі.