- 05 нау. 2024 04:11
- 309
Тышқанның өсиеті
Тышқанның өсиеті
Тышқан баласына оңашада үйретіпті: «Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, оны жеймін деп барсаң қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме», - деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп майдың иісі шыққан соң, не қылып қойған екен деп қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан үстінде май тұр екен. Ойлады: «Қарашы адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын - деп қойғанын, біз ол қулыққа бола қоямыз ба», - деп олай - бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты: - Сүйтсе де, айхай, майы құрғырдың иісінің жақсысын - ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге болады ғой,- деп бірте-бірте жақындап бара жатқанда, қақпан тарс етіп тышқанды жаншып тастады.