- 23 қаң. 2020 00:00
- 215
Тоған тартқанда
Тағы бір аңыз былай дейді. Сыр бойынан көшіп келген ел Қаратал өзенінің бойына қоныстанған соң, егіншілікпен айналысуды да ойлайды. Мұны да бірінші болып қолға алған Ескелді би болады. Ол арықты қай жерден және қалай қазудың бәрін көрсетіп отырса керек. Бірде бүгінгі Талдықорған ауданының территориясында орналасқан су диірменің жоғары жағынан тоған қаздырып, бүгінгі Шымыр, бұрынғы Нұраның үстімен
жүргізеді. Мұны көрген Ескелді би «қара қазан сар баланың қамы үшін» деп астындағы ақбоз атын шалған екен деседі. Осыдан кейін ғана су жүріп берген.