Топырақ туралы түсінік
Топырақ туралы түсінік. Табиғи себеп — шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет құнарлылыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.
Құнарлылық — топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп-шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті. Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі -мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.
Физикалық мүжілу — бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минералдардың түстері әр түрлі болады. Сондықтан қара түсті минералдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды. Салқындатқан кезде олардың көлемі осы қезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады. Бұған тағы да, минералдың көлемдік және ұзындық кеңею коэффициенттерінің әр түрлілігі де ықпал жасайды.
Климат
Климаттың топыраң түзілу үрдісіне әсері айтарлықтай. Биологиялық және топырақ түзілу процестері үшін қуаттың басты көзі — күн сәулесі, ал ылғал көзі атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Топырақ қалыптасуына басты рөлді термиялық тәртіп, жауын-шашынның түсу қарқындылығы, желдің соғу тәртібі және күн сәулесі қарқындылығы атқарады. Климаттың осы элементтері топырақта өтетін биологиялық, химиялық және физикалық процестерге әсер етеді. Климат топырақ түзілу үрдісіне тікелей және жанама әсер етеді. Оның тікелей әсері ылғалданумен, салқындаумен, қызумен және т.б., ал жанамасы климат элементтерінің өсімдік және жануарлар әлеміне әсерімен байла-нысты. Ол әсерлер өсімдіктер, қара шіріндінің жиналу қарқындылығын және органикалық заттардың минералдану сипатын анықтайды. Климат жердің /орынның/ жағрапиялық ендігіне бай-ланысты өзгереді. Нақты бір жерге тән топырақ жағдайының қалыптасуы осыған байланысты. Топырақ түзуші жыныстар. Мүжілуге үшыраған, геологиялың пайда болған тау жыныстары топырақ түзуші немесе аналық жыныстар болып табылады. Шығу тегі бойынша тау жыныстарының барлығы магмалық, шөгінді және метаморфозалық болып бөлінеді.
Магмалық тау жыныстары балқыған силикатты масса — магма суығанда пайда болған. Оларға гранит, базальт, синит, андезит және т.б. жатады.
Шөгінді жыныстар магмалық және метаморфалық жыныстардың бұзылуының нәтижесінде, сондай-ақ түрлі ағзалардың шөгіндісінен пайда болған. Олар құмнан, саздан, саздақтан, әк тастан, лесстен, гипстен тұрады. Метаморфалық жыныстар /мәрмәр, кварциттер, тақта тас, т. б. / жер қойнауында, жоғары температура мен қатты қысымда шөгінді және магмалық жыныстардың өзгеруінің нәтижесінде пайда болған. Қазіргі кездегі топырақтар — дамыған топырақ түзуші жыныстардың ең көп тараған түрі — борпақ шөгінді жыныстар. Аналық жыныстар өзінің құрамы және қасиеттері бойынша өр түрлі болады да, агрономиялық құны жағынан айырмашылығы әр түрлі топырақтың пайда болуына әкеледі.
Жер бедері
Топыраң жамылғысының қалыптасуында және дамуында бедердің маңызы зор және әр қилы. Беткейлердің күнгейлігі /экспозициясы/ және көлбеулілігіне /тіктігі/ байланысты күн сәулесі мен жауын-шашынның түсуі /ай сайын/ су, жылу, қоректік, тотығу тотықсыздану және түз режиміне әсер етеді.
Жер бедерінің үш пішін тобын ажыратады: макробедерлі, мезобедерлі және микробедерлі. Макробедерлі деп үлкен аумақтың жалпы кейпін анықтайтын және тектоникалық үрдістерінің нәтижесі болып саналатын, оның ең ірі пішіндерін — қыраттарды, тау жүйелерін, үстірттерді; пайда болған орташа шамадағы бедер пішіндерін — ңыраттарды, тау жүйелерін, үстірттерді, шатңалдарды айтады.
Мезобедер — экзогендік үрдістердің нәтижесінде пайда болған орташа шамадағы бедер пішіндері — төбелер, сайлар, аңғарлар, табалдырықтар.
Микробедер деп салыстырмалы биіктігі бір метрдің өр жақ бер жағында болатын шамалы ауданды алып жататын бедердің ұсақ пішіндерін айтады. Бұған шөгу қүбылысының салдарынан тегіс жерлерде пайда болған төмпешіктер, ойпаңдар, ойыстар жатады. Бұл пішіндер құрғақ дала аймағына тән.
Бедер элементтеріне байланысты өсімдік тіршілігіндегі айырмашылықтар әр түрлі өсімдіктердің қоныстануына және дамуына, соңында әр түрлі топыраңтың пайда болуына ықпал жасайды. Күлдену, айтайық, тегіс, жақсы шайылатын үлескілерде күштірек жүреді. Таулы аудандарда бедермен, тік аймақтың және бірдей биіктікте күнгейленуіне қарай, әр түрлі топыраңтардың қалыптасуына байланысты. Микробедер топырақ жамылғысының кешенділігін анықтайды.
Геологиялық жасы
Топырақ түзілу үрдісі тоқтамай, әрқашан жүріп жатады. Сондықтан топырақтың қалыптасуында және дамуында уаңыттың маңызы өте зор. Топырақтың абсолютті және салыстырмалы жасын ажыратады. Топырақ тізілуден бүгінгі күнге дейін өткен уақыт — абсолютті жас. Белгілі бір жер мұз жамылғысынан неғұрлым ертерек босаса және аналық жыныс қаншалықты ертерек топырақ түзу өзгерісіне үшыраса, соғұрлым топырақтың жасы да көбірек болады. Жасы ең үлкен топырақ тропикалық аумақта, ең жас топырақ тундра аймағында орналасқан.
Бірақ мұздан бір мезгілде босаған бір аумақтың ішінде абсолюттік жасы бірдей, даму сатысы әр түрлі топырақтар болуы мүмкін. Бұл топырақ түзуші жыныстардың бір текті болмағандығымен, жер бедерімен және кейбір жергілікті жағдайлармен түсіндіріледі.
Бір аймақтағы абсолюттік жасы бірдей топырақтардың даму сатысындағы айырмашылыңты топырақтың салыстырмалы жасы дейді. Ол топыраң түзілу үрдісінің жылдамдығын, топырақ даму сатысының бірінің екіншісімен алмасу жеделдігін сипаттайды. Адамның өндірістік әрекеті. Топырақтың дамуына табиғи факторлармен бірге адам да өндірістік әрекетімен үлкен әсер етеді. Адамның топыраққа әсер ету тәсілі әр қилы. Механикалық өңдеу, шөп себу, танапты қорғауға орман алқаптарын жасау, жақсартушы /мелиоративтік/ шаралар адамның топыраққа әсер ететін әрекеттерінің бір бөлігі ғана. Адамның өндірістік өрекетінің нәтижесінде табиғи топыраң түзу үрдісі күрт өзгереді: табиғи өсімдіктер мәдени өсімдіктер егістігімен ауыстырылады, кейбір қолайсыз химиялық және физикалық ңасиеттер өктас тау немесе гипстеумен жойылады, қоректік элементтері және қара шіріндісі аз топырақтарға тыңайтқыш, сидерация қолданылады, топырақтың су, ауа және жылу ережелері реттелінеді. Бірақ адамның реттелінбеген, бақылаусыз, жүйесіз және қарапайым /жабайы/ өндірістік әрекеті топырақ қүнарлығына кейін түзете алмайтын үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Топырақтың құрамы және қасиеттері
Топырақ — қатты, сұйық және газ тәрізді кезеңдерден тұратын табиғи құрылым.