Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тоқта

Тоқта, Тоқтай, Тоқты (т.ж.б. - 1313 ж.) — Бату ханның шөбересі. Ол Алтын Орда тағына 1291 жылы отырды. Алғашқы билік құрған жылдары Тоқта Судақтағы «өкіл әкесі» — Ноғай қолбасшының ықпалында болды. Бұл кезде Ноғайдың беделі өте жоғары еді. Тіпті орыс князьдерінің көпшілігі «князь» атану үшін Алтын Орда ханына емес, Ноғайға барып, рұқсат сұрайтын болған.

Мұндай жағдай Тоқтаға ұнамайды. Ол Ноғайға білдірмей, Алтын Орданың сенімді сарбаздарынан өзіне әскер дайындап, 1300 жылы Судақ шаһарына жорыққа аттанады. Днепрде болған шайқаста Тоқта Ноғайды тас-талқан етіп жеңіп, Дунайдан Еділге дейінгі аймақты өзіне бағындырады. Ноғайды тұтқынға түсіріп, басын алады.

Тоқта Византия империясымен достық қарым-қатынас орнатып, Илхандар елімен екі жақты сауда-саттықты жақсартады. Иелігіндегі орыс князьдіктерін аралап қайтқысы келген Тоқта 1313 жылы Еділ бойымен жүзген кеме үстінде оқыстан сырқаттанып қайтыс болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама