Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатовтың жанкүйерлеріне үндеу жасады: «Өздеріңіз жаралап алған құстың жарақатын өздеріңіз жазыңыздар»

Танымал әнші Тоқтар Серіков әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке концертінде сөз сөйлеп, оның төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі досының жеке өміріне байланысты тараған әңгімелерге тоқталып, көпшілікті сабырға шақырды. Оның айтуынша, ел болып жақсы көрген адамды өзіміз өсекке айналдырып, кейін қайта ақтап алуға тырысамыз.

«Өзіміз жаралаймыз, өзіміз емдейміз»

«Ондай әңгімелер кейбір ағайынның жүрегіне ыңғайсыз тиіп жатқанын білемін. Өзіміз жақсы көреміз, өзіміз өсек қыламыз. Өзіміз жаралаймыз. Жарасынан қаны аққан кезде қайтып танып, емдеп аламыз. Бұл қазақтан басқа халықта жоқ қасиет. Өздеріңіз жаралап алған үлкен құстың жарақатын қайтадан өздеріңіз жазыңыздар», – деді әнші.

Тоқтар Серіков өзінің жеке өміріне қатысты айтылатын сынға да тоқталды. «Мені де дымымды қалдырмай жазып жатады: «қатынын мақтай береді» деп. Жалғыз маңдайға біткен бір қатыным, не істеймін енді? Өлгеннен кейін емес, тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы адам деп айтайық», – деп сөзін қорытындылады.

Желідегі пікірлер

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Тоқтардың сөзін даналыққа балап, қолдау білдірсе, енді бірі Тұрсынбектің әрекеті ақтауға келмейді деген ұстанымда.

«Жаным Тоқтар аға аман болыңызшы», «Өте ақылды азамат», «Айтқаныңыз орынды әрине, бірақ Мөлдірді жылатқаны дұрыс емес», «Міне, нағыз азамат», – деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтар

Жарнама