- 20 шіл. 2022 00:00
- 244
Төрт шырақ
Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды және бірте-бірте еріп, таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр әңгімелері естіліп жатты.
Біріншісі айтты:
«Мен — Тыныштықпын. Мені адамдар бағаламайды, сақтамайды. Менде сөнуден басқа жол қалған жоқ!» Бұл шырақтағы от сөніп қалды...
Екіншісі айтты:
«Мен — Сеніммін. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнуден басқа жол қалған жоқ!» Осылайша екінші шырақ та сөнді...
Үшіншісі айтты:
«Мен — Махаббатпын. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені бағаламайды және түсінбейді. Олар өздері үшін жанын беруге дайын жақын адамдарын жек көреді».Көп күттірмей үшінші шырақ та сөнді...
Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол, қорқыныштан:
— Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын! — деп айғайлады. Көзіне жас алып отыра кетті...
Осы сөздерден толқып кеткен төртінші шырақ былай деді:
«Қорықпа, жылама! Мен жанып тұрғанда, ол үшеуін әлі көп тұтандырамын. Мен — Үмітпін!»
Шынында да, ең соңғы өлетін — үміт...