Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
«Төсектес болуға шақырды»: Құралай Анарбекова шоу-бизнестің ішкі сырын ашты

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында қазақстандық шоу-бизнестегі көпшілік біле бермейтін тың мәліметтерді жайып салды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мансап үшін жасалған ұсыныстар

Өнер иесінің айтуынша, бұл салада мансап жолында түрлі жағымсыз ұсыныстарға тап болатын жағдайлар жиі кездеседі. Анарбекова өзіне де сондай ұсыныс жасалғанын мойындады.

«Қорлан» рөлінен кейін режиссерлер оны басты рөлдерге кастингсіз-ақ шақырады деп ойлағанын айтқан актриса, бір кастинг кезінде күтпеген жағдайға тап болғанын жеткізді.

«Шоколадты ұсыныс»

«Бір режиссер кешке бірге кездесіп, шарап ішіп, көңіл көтеруді ұсынды. Оның отбасы бар екенін, жасы үлкен адам екенін біле тұра мұндай ұсыныс жасауы менің намысыма тиді. Бұл ұсынысты мен шок ретінде қабылдадым. Батыстың қызы болған соң, өте дөрекі жауап бердім», – деп бөлісті Анарбекова.

Маңызды шешімге себеп болған оқиға

Актриса мұндай жағдайдан кейін көп ойланғанын айтып, дәл сол оқиғаның өміріндегі маңызды шешімдердің біріне себеп болғанын атап өтті.

«Сол кезде актрисаның ғұмыры қысқа ма деген ой келді. Сондықтан өзімді дамыту керектігін түсіндім. Режиссердің үстінен қарайтын адам – продюсер. Содан кейін қайдан білім алсам болады деп ойланып, Мәскеуге барып оқуға шешім қабылдадым», – дейді ол.

Мәскеуде білім алып, елге оралғаннан кейін де саладағы жағдайдың толық өзгермегенін байқағанын айтқан өнер иесі, сол бір жағымсыз ұсыныстың оның продюсерлік жолды таңдауына түрткі болғанын жасырмады.

«Егер сол жағдай болмағанда, бәлкім, мен продюсер де болмас едім», – деп түйіндеді сөзін Құралай Анарбекова.

Жаңалықтар

Жарнама