Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Трендідегі бизнестер

2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты, онлайн мамандықтар көш бастады. Ал онлайн мамандарды даярлап шығаратын - әртүрлі бизнес орталықтар. Соның ішінде бизнестің ең негізгі 3 түріне тоқталайын.

1. Инфобизнес - белгілі бір істің маманы халықты да өзінің айналысып жүрген 100% білетін, шынымен көмектесе алатын ісіне үйретуі. Мысалы, сөз басында атап өткеніміздей онлайн мамандарды, яғни, SMM менеджер, копирайтер, таргетолог, дизайнер, мобилограф, продюсер т.б нарыққа қажет мамандықтарды үйрететін адамдар - дәл осы инфобизнесмендер. Олар өздерінің әртүрлң курстарын өткізіп, сол арқылы пайдалы болады, әрі пайда алады. Инфобизнестегі ең маңызды қағида - өнімге 100% сеніммен қарау, халыққа шынымен пайдалы боларын қадағалау.

2. Тауар бизнесі - халық арасында бұрыннан келе жатқан тауар сату кәсібі. Тек соңғы жылдары бұл кәсіп түріне де өзгерістер енді. Мәселен, бұрын-соңды өз тауарын сататын адамдар көшеде немесе базарда жүріп сатса, әлде теледидар арқылы жарнамасын шығарса, қазірде тауар бизнесімен айналысу әлдеқайда оңай. Жарнаманы да, сатуды да онлайн атқарып отыруға мүмкіндік бар. Яғни, инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тауарына әдемі упаковка жасап, фэйсбук арқылы таргет жіберіп, басқа да әлеуметтік желілер арқылы брендін қалыптастырып отырса жеткілікті. Осы тұрғыда мен өзімнің «@ozge_galamshar» атты қолдан жасалған бұйымдар сататын онлайн-дүкенімді негізге алып қарастырсам болады. Бұл дүкенді ашу барысында маған ешқандай ИП ашудың қажеті болған жоқ. Ең алдымен қажетті тауарларымды сатып алып, кейіннен сұранысқа сай әртүрлі сәнді бұйымдарды жасап, әдемі суретке түсіріп, жарнама жіберу арқылы инстаграм арқылы белсенді жүргізіп отырмын. Бұл тұрғыда маған инфобизнесмендерден үйренген маркетинг білімі өте қажетті болды.

3. Ал кәсіптің тағы бір танымал түрі - өз қызметін сату. Мысалы, қазір инстаграм арқылы тауар сататын бизнесмендерге маркетологтар ауадай қажет. Соның қатарында ең негізгі SMM маманы, таргетолог, копирайтер, мобилограф, дизайнер. Яғни бұл мамандар өзара команда болып, бір бизнесменнің саудасые жүргізуге атсалыса алады. Сәйкесінше қызметін солай сатады. Немесе фриланста жүріп те, өз қызметін ұсынатындар бар. Яғни, үйде отырып-ақ, өз мамандығы арқылы онлайн жұмыс істеп, табыс тауып отырғандар. 

Кәсіптің қай түрін алсақ та, бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Табыс тауып, дамушы ортамды қалыптастырғым келеді дейтін әрбір адамға трендтен қалмай, пайдалы мамандықтарды оқып алуын ұсынамын.

Садуахосова Айжан Даулетбайқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама