Тұлғаның мансаптық өсуінің психологиялық факторлары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Мақұлбек Сымбат Бекзатқызы
ХХ ғасырда мансап тең тік мағынада қабылданған. Мектеп, институт, жұмысқа жіберу, сол жерде, яғни бір ғана кәсіпорында, еңбекшінің мансабының жоғарылауы, немесе мынандай нұсқа: жұмыскер, зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққанға дейін, бір жұмыс орнында істей береді. Әркімге әрқалай, біреуге менмендік, біреуге таныстары мүмкіндік берді. Әділ болу үшін айта кету керек, кәсіподақ және партия желісі бойынша жоғарылау тәсілдері де болған, бірақ «карьерист» сөзінің өзі бұрын балағат сөз болған. Өйткені ол адам мансабын құру кезінде тек өзінің жеке басының «пайдакүнемдік» мақсатын ойлайды деп түспалданған. Қазіргі уақытта, жағдай түбегейлі өзгерді. Қазір ақпарат соншалықты көп және барлығы қарқынды дамып және өзгеріп отырады, тіпті, зерттеушілердің айтуынша, егер кез келген қазіргі заманғы адам айналасындағы адамдарға өзінің білетінін және істей алатынын тәулігіне 24 сағат айтып отырса, оған бір өмір де жетпейді.
Айналаңызға қараңызшы, барлық әлемдік брендтер бірауыздан әлеуметтік жауапкершілік туралы айтуда, яғни өз игілігің үшін ғана емес, жалпы планета тұрғындарының мақсаттарын көздей отырып, басқалар үшн де өмір сүру. Біздің өмірімізге жаңа құндылықтары бар жаңа ұрпақ енді. Қоғам өзгерді. Әлем – біздің өмірлік, мансаптық баспалдағымыз ғана емес екенін біз түсінеміз. Біздің планета – бұл жүйе, онда қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру үшін, біз тек өзіміздің жеке мүдделерімізді негізге ала отырып, өз өміріміз бен мансабымызды салуымыз керек. Қазіргі мансапқор өзінің жеке мақсаты мен құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, қоғамның мақсаты мен құндылықтарын іске асыра отырып, әлемді жақсартуға ұмтылады.
Үлкен табысқа өз тауарын «өткізетін» сату жөніндегі менеджер емес, құрылыс материалдары сатқанда, оның клиенттері әдемі және сапалы үйлерде өмір сүргенін армандайын менеджер жетеді. Ол үшін менеджер үнемі оқиды, қазіргі заманғы құрылыс технологиясын игере отырып, экологиялық тауарларға назар аудара отырып, жаңа материалдарға қызығады.
Қазір әлемде эволюциялық мақсат ұғымы көп нығаюда. Тәсіл егжей-тегжейлі Фредерик Лалудың «Болашақ ұйымдарын ашқанда» кітабын сипатталған. Бұл кітаптың мазмұнында Фредерик қазіргі заманда жұмыс істеу тұжырымдамасының негізінде табыс алу емес, адамдарға қызмет ету механизмі жатқан компаниялар табысты болады делінген, бірақ, бір ғажайыбы осы компаниялар ешқандай эволюциялық мақсаты болмаса да, адамрға қызмет істей отырып, кәдімгі команиялардан көп табыс табады. Мансапта да осындай эволюция туды: шын жүректен адамдарға көмектесуге ұмтылатын және оларды үйін сенімдірек жасауды қалайтын, өзінің кәсібилік деңгейімен және басқалардың мәселелеріне тартылуымен өзіне клиенттерді тартады.
Қазргі кездегі МАНСАПҚОР (КАРЬЕРИСТ) – ол саналы түрде эволюциялық мансапты құратын адам.
Қазіргі заманда мансап құру деген нені білдіреді?
Құру – бұл жоспарлау. Қазіргі мансапқор мансабын екі қағидат негізінде жоспарлайды:
1) тағдырдың беретініне үміттенбей, алдын-ала жоспарлайды;
2) саналы түрде мансап құрады. Стратегия туралы ойлау керек, өмір тым қысқа. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына – автоматтандыруға, роботтандыруға байланысты мансапқа саналы қарамаса, «жойылып бара жатқан мамандық» деп аталатын мәселемен қақтығысуға болады. «Енді қайтейік? – дейсіз сіз, – қайда сол роботтар, бізді олармен қорқыта алмайсыңдар, олар өз жұмысқа тек 10-15 жылдан кейін ғана кіріседі…». Иә, сіз дұрыс айтасыз, бірақ қазіргі заманғы мансап 10-15 жылға арналған стратегияға мұқтаж, өйткені дәл сол уақыт аралығында әлем түбегейлі өзгеруі мүмкін. Ал сіздің жұмысыңыздан ғана емес, мамандығыңыздан да айырылып қалу қаупіңіз бар
Сіз қазірғі кезде кадр қызметінің жұмыскері болып табыласыз, сіз 35-40 жастасыз. Жалпы, сізде бәрі жақсы: жұмыс, жалақы, ұжымда құрметтейді. Бірақ ойланыңызшы, электрондық құжат айналымы қазірдің өзінде көптеген бухгалтерлерді олардың жұмыс орындарынан ығыстырды, тіпті, банк саласындағы диджитализация 2018 жылы көрші Ресейде банк персоналының шамамен 30 % қысқартуға әкеледі деген пікір бар. Ал 2028 жылы «кадр маманы» мамандығы не болады? Ал 2028 жылы сіздің жасыңыз нешеде болады? 45–50? Әлі зейнеткерлік жас емес қой. Ал енді егер сіз мансабыңызды алдын-ала құруды бастасаңыз, не болатынын елестетіңізші. Сіздің 45–50 жастасыз, бәрін басынан бастау керек. Жоғарыда айтылғаннынң бәрі, сіз дереу жұмыстан босату туралы өтініш жазып, перспективті жұмыс іздеу керек екенін білдірмейді.
Ішкі өзгерістер қаржылық жағдайды жақсартуға әкелуі мүмкін бе? Ақшасы жоқ адам-энергиясы аз адам. Ақшасы жеткілікті адам өзіне сенеді және қалаған нәрсеге қол жеткізе алады. Бірақ, ақша – басты мақсат емес, ол тек мүмкіндік беретін құрал.
Қазір біз өзіміз үшін жеткілікті ақша таба бастадық деп есептейік, яғни біздің жеке қаржылар графигіндегі табыс қисығы шығыстар қисығынана асып түсіп отыр. Біз жұмсауға қарағанда көбірек табыс табуға үйрендік, яғни осылайша бізде артық ақша пайда бола бастайды. Бірақ бұл әрдайым және баршаға бірдей бола бермейді. Адамдардың табысы, оны жұмсау мақсаты және ең негізгісі қаржылық сауаттылығы әртүрлі болып келеді. Адам өмірінің қай кезеңі болса да қажеттіліктер болады, және сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әрине қаржы қажет. Біз кішкентай бала кезімізде де ақша жұмсадық, бірақ өз ақшамызды емес. Біздің ата-аналарымыз бізді тамақ, тұрғын үй, киім, ойыншықтар, техника, қалта шығындары және т. б. қажеттіліктерімізді қамтамасыз етті. Есейген шақта біз өз қаржымызды жинақтап, жұмсап үйрендік. Біз қартайып, ақша табу мүмкіндігін жоғалтсақ та, шығындар бізде әлі де болады. Сонымен қатар, зейнетақы, еңбек ақы туралы заңдар, банк ставкалары, инфляция, девальвация деңгейлері уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бірақ осы өзгерістерге тәуелді болмау үшін, қазіргі өмірімізді қаражатпен қамти алу үшін және қарттығымызды қамтамасыз ету үшін қаржылық сауаттылыққа қазір үйренуіміз керек.
Бұл үшін не қажет?
1. Өз табыстарымыз бен шығындарымызды нақты білуіміз керек.
2. Өз табыстарымыз бен шығындарымызды жоспарлауды үйренуіміз керек.
3. Капитал жинақтауды дағдыға айналдыруымыз қажет.
Әр адамның жиынтық капиталы 3 құрамдас бөліктен тұрады:
• ағымдағы тұтыну;
• шығындарды өтеу;
• инвестициялық, яғни жинақ және болашақты қамтамасыз ету.