- 22 нау. 2020 00:00
- 205
Түлкі мен жолбарыс
Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты:
— Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат, — депті.
Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып:
— Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! — депті.
Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап кетіпті. Құлап барып, өліп қалыпты.