- 12 мам. 2016 00:00
- 200
Түрік ЖОО-дағы қазақстандық студенттер ЭКСПО-2016 көрмесінде болды
Түркиялық ЖОО-ларда оқитын қазақстандық студенттер «Хаджеттепе» университеті мен Анкараның Таяу Шығыс техникалық университетінде өткен Халықаралық көрме күніне қатысты, деп хабарлады Түркиядағы ҚР елшілігі.
Қазақстандық студенттер Халықаралық көрме күнінің қонақтарына имидждік материалдар таратты, қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татырды, сонымен қатар қазақстандық композиторлардың әуендерін орындады.
Сондай-ақ, бұл күндері Анталья қаласында Анкара, Ыстамбұл, Кастамонудағы оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттердің съезі өтті. Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен 120-дан астам қазақстандық студент ЭКСПО-2016 көрмесіне тегін барды.
Съезд аяқталған соң студенттер Түркияның өзге қалаларында оқитын отандастарымен қарым-қатынасты үзбеу жолындағы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Олар үнемі осындай кездесулерді өткізіп отыру жөнінде уағдаласты.