Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Түрік қағанаты
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
• Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.
• Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата - бабалары түріктердің жан - жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Түрік қағанаты туралы толық мәлімет алады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасауды үйренеді. Бір - біріне құрметпен қарайды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: топтық ізденіс, сабақ, ойын, қайталау
Әдісі: сұрақты ұста әдісі, сызба - кестемен жұмыс, сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ғаламтордан алынған мәліметтер, АКТ - ны қолдану, кесте.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері./ Оқушылар өз есімдерінің 1 - ші әрпінен басталатын өз бойындағы қасиеттерді айтады./
Топқа бөлу. /жүздерге бөлу арқылы/

II Миға шабуыл. Өткен сабақты ашық тест арқылы қайталау
1. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға буддан дінінің таралуы кімдердің келуімен байланысты болды?
А) соғдылар в) парсылар с) қытайлар д) таңғұттар
2. Шыңғысхан әулетінен таралған этникалық топ кімдер?
А) төлеңгіт в) султандар с) қожалар д) төре
3. Рим империясы әскерлерімен (250 мың) Аттила әскерлері арасындағы шайқас өтті
А) Керчь бұғазы в) Босфор с) Шалон қаласы д) Дон жері
4. Жауырыншы...
а) Ем - дом жасаушы в) әнші – күйші с) шешен д) балгер
5. Арабтардан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылар ұрпағын -
А) султандар в) құлдар с) төрелер д) қожалар

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Түрік» атауы.
2. Қағандықтың құрылуы.
3. Қағанаттың нығаюы.
4. Мемлекеттің ыдырауы.
5. Әкімшілік және әлеуметтік құрылым.

Мұғалім сөзі:
Өздерін түрік деп атаған (қытайша «тужюе») халық XI ғасырдың басында монғолдық Алтайда қалыптасты.
Түріктерге қатысты олардың ата - тегінің аналық қасқырдан бастау алатындығы туралы Қытай дерегі «Жоунамада» берілген екі тарихи аңыз бар.
Түрік тайпалары өз иеліктерін Алтайдан Хуанхэге дейін жеткізіп, 542 жылы қытай деректерінде алғаш рет кездесті. Бұл оқиғалар осы «Жоунамада» көрініс тапқан: «... Кейінгінің аты Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп әр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым - қатынас жасау ниеттерін байқатты». Осы кезде қытай патшалығы - Батыс Вэй өзіне жужандарға қарсы әскери одақтас іздеді. Осы мақсатпен Батыс Вэй билеушісі Тайцзу түріктерге елшілік аттандырды. 545 жылы Соғдылық Альнопанто елшілігі Бумын ордасына келді. Бұл кездегі түріктер көсемі Бумын еді. Елшілікті «Ордада бәрі бір - бірін құттықтап, бүгін бізге Ұлы державаның өкілі келіп отыр, көп ұзамай біз де сондай дәрежеге жетеміз» деп жорыды. Бумын түріктердің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекет – Түрік қағанатын құрды. Бумын ұзақ өмір сүрген жоқ. Кейбір деректердің айтуынша, сол 552 жылы, ал «Билік ғибратнамасының» (165 бумасы) мәлімдеуінше, 553 жылдың басында қайтыс болған. Билік інісі Қара Ескеге өтеді, бірақ, ол да көп отырмаған. 553 жылдың соңында оның орнына інісі Мұқан қаған келді.
Картаның көмегімен түркілердің әртүрлі бағыттағык өршілерін және оларме нқарым - қатынасына тоқталу. Оқушыларға еске сақтауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.
Маңызды даталар Болған оқиғалар
Б. з - дың I мыңжылдығынын ортасы Қазақстан даласындағы ірі этникалыкқ өзгерістер.
542 жыл Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.

Түрік қағанаты. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама