Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?
Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?
"Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз". (Дональд Трамп)

Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
1. Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз.
2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз.
3. Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?
4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз?
5. Жоспар құру.
6. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.
7. Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет.
8. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
9. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
10. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз.

Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз.
Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында.

Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз.

Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз. Өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермеуге тырысыңыз.

Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?
Осы сұрақты өз - өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелеуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз?
Бір жылдың ішінде қандай жұмыстарды атқарар едіңіз? Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді. Бұл арқылы адамдар нақты жоспар құрып, сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды.

Жоспар құру.
Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоспарлар мен мақсаттарыңыздың тізімін жазып, түртіп отыратын қойын дәптердің болғаны дұрыс.

Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.
Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз.

Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет.
Көптеген адамдар өздеріне жақын жұмыстардан бастағанды жөн көреді. Дегенмен, күнделікті атқарылатын істердің тізімі маңыздылығы бойынша құрылатын болса, бұл адамға жоспар бойынша рет ретімен жұмыс істеуге көмектеседі. Әрбір аяқталған істерді тізімнен сызып тастауға болады. Сонда адамдар жоспарларының бір бөлігінің жасалғанын көріп, ары қарай бар күшімен жанталасуға дем береді.

Орындаған: Манкеева Д. С.

Уақытты қалай тиімді пайдалану керек? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама