- 16 мам. 2019 00:00
- 217
ҰБТ-2019: Биыл оқу гранттары қалай бөлінеді
2019 жылдың 20 маусымы мен 5 шілде аралығында бірыңғай ұлттық тестілеу өтеді. Бұл мемлекеттік грант ұту үшін тапсыратын тест мерзімі. Ол, ақылы оқуға түсу үшін талапкеруге үш мүмкіндік беріледі.
ҚР Білім және министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, IELTS, TOEFL сертификаты бар талапкерлер шет тілі пәнін тапсырмайды. Сонымен қатар техникалық және кәсіби білім беру оқу орнына ақылы түсу кезінде талапкер тесттен босатылады.
Білім және ғылым министрінің тапсырмасымен, ҰБТ сұрақтары жыл сайын сараланып отырады.
Пән таңдау акезінде бірге жүретін комбинациялық пәндер:
1. Математика пәні мен Физика. 2. Математика пәні мен География. 3. Биология пәні мен Химия. 4. Биология пәні мен География. 5. Шет тілі пәні мен Дүниежүзі тарихы. 6. География пәні мен шет тілі. 7. Дүниежүзі тарихы пәні мен Адам. Қоғам. Заң. 8. Дүниежүзі тарихы пәні мен География. 9. Қазақ тілі / Орыс тілі пәндеріне Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті. 10. Химия пәні мен Физика. 11. Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан тапсырылады.
Талапкерлер енді оқу орнын және оқу бағдарламаларын таңдай алады. Ал, грант талапкерлер таңдаған оқу орындарына бөлінеді. Қазіргі уақытта 176 мамандық бойынша 97 бағдарлама тобы бар. Талапкерлер өзіне қажетті топта қандай бағдарламалар барын және бағдарламалардың қай оқу орындарына екенін біле алады. Мәселен, Химия пәнінің мұғалімі мамандығын оқу үшін «Химия» және «Химия-Биология» тобын таңдау керек.
Ал, тест тапсырған талапкерге ҰБТ сертификатымен бірге бағдарламалар тобы жазылған парақша беріледі.