Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 07 мам. 2026 07:30
- 23
«Ұйқы жоқ, жүрегім аузыма тығылды»: Айгүл Иманбаева денсаулығының сыр бергенін айтты
Әнші Айгүл Иманбаева өзінің денсаулығына қатысты күрделі жағдайды бастан кешкенін жасырмады. Өнер иесінің айтуынша, бұл кезеңде оның жүрегі қысылып, ұйқысыздыққа шалдыққан.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыр кезең
Әншінің сөзінше, қыркүйек айында жұмысқа кірісудің орнына екі бүктетіліп жатып қалған. Ол өзінің ауруына ешқандай диагноз қоя алмағанын, бірақ жүрегінің қысылып, аузына тығылатындай сезім пайда болғанын айтты. Бұл жағдай оны қатты күйзеліске салып, тек жата беруге мәжбүрлеген.
«Түнде жүрегім аузымнан шығардай тарсылдайды. Ұйқы жоқ. Таңертең бар күшімді жиып жұмысқа барайын десем, тағы екі бүктеліп жатамын. Ешнәрсе істегім келмейді», – деп бөлісті Иманбаева.
Отбасылық қиындықтар
Бұл кезеңде әншінің отбасы да қиындықтарға тап болған. Оның компаниясының басшысы ұлдарына қатысты онкологиялық аурудың қаупі барын айтқан. Бұл жаңалық әнші мен оның жақындарын қатты алаңдатқан.
«Екеуміз екі жаққа жатып қаламыз, жұмыс жайына қалды. Түгел минусқа кеттік», – деді әнші.