Ұлы Жеңіс жасасын! – мерекелік тәрбие сағаты

Мерекелік іс - шараның мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, портреттер, видеороликтер
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің --- жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
Жақсылық:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп
Қырғын соғыс басталған.
Т. Елназ:
1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО - ны 3 - 4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.
Бірінен соң бірі Европа елдерін бағындыра отырып, Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО - ға аяқ тіреді. Біздің тарихымызда бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.
Аружан:
Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер - азаматтары майданға аттанды.
Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды.
«Бәрі де Майдан үшін» деген ұран тастады. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық!»- деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Еркін Диана:
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл - селолар қирады. Фашистердің жан түршігерлік әрекеттері «Ост» («Шығыс») жоспарына негізделді. Бұл жоспардың мақсаты «Оқтың күшімен, найзаның ұшымен дүние жүзін бас идіру болды
1 - ші дүниежүзілік соғысқа – 1 млд. астам халқы бар 36 мемлекет қатынасса, 1939 - 1945 жылы соғысқа 1 млд. 700 млн. халқы бар 61 мемлекет қатысты. 40 мемлекет территориясы – ұрыс шайқасына айналды.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл - селолар қирады.
Ж. Дильназ:
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Одағы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қорғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш - жігерін жұмсады.
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында қазақстандықтар болған Соғыстың алғашқы күндерінен - ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.
Жанерке:
Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағанбетов сынды ағаларымыз ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалды
ВИДЕО РОЛИКпен таныстыру.
Жарас:
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Елемес Диана:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
Ақерке:
Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап - қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
Көрініс:
«- Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық - түлік, киім - кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді. Содан бұл соқпақ -«өмір жолы» деп аталып кетті.
Қазақстан тез арада – осы - «өмір жолы» соқпағымен ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем - сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. қоршауда қалған қала жұртшылығына моральдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпей қойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы – сәлем» демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең - Жамбыл Жабаев түсті.
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік. Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады.
Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы, оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып - қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп - төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты…
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
……………………………….
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз.
Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс ақындары аударды. Артынша қарағандылық кеншілер хатын, Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем - сауқатты алып Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.
Жәкеңнің өлеңі көп кешікпей Бүкілодақтық радио арқылы оқылды, сан мәрте плакат болып басылып, қала көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист Всеволод Вишневский «Правда» газетіне былай деп жазды:
«…қалаға тез тараған плакаттан Жамбыл ақынның «Ленинградтықөренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып қайта - қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына қуандық.».
- Міне «Ақындар атасы» атанған Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап, қыспаққа алған жауға сес көрсетті…».
Қаншама қиын - қыстау кезең болса да, совет жауынгерлерінің жігері мұқалмады. Олар осындай қиын кезеңдерде де, бір уақыт бір - біріне қолдау көрсетіп отырды. Мұның куәсі ретінде жауынгерлердің «Катюша» әні бәрімізге танымал.
«Катюша» биі
Еркін Диана:
Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,
Сел болып аққан қанның өздерін.
Елімді, Отанымды олжалауға,
Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.
Көтердік сол соғыстың зардаптарын,
Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.
Елімнің бақыты үшін шеит болған,
Аяулы ардагерлер, саңлақтарым.
Болса да жер шарының кеңестігі
Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні
Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,
Тылда да еңбегімен тер төккені.
Ұлы Жеңіс жасасын! – мерекелік тәрбие сағаты жүктеу