Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлы ұстаз - ұлт ардақтысы

Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған – Ахмет еді.

Сәкен Сейфуллин

Ақын, зерттеуші, ғалым, педагог, түркітанушы – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Алаш партиясы бағдарламасын даярлағандардың бірі. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім бері ісін жолға қоюға күш салды. Қазақша жазылған әліппелердің бірі – Ахмет Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегі болатын. Онымен қоса қазақ графикасында жасаумен айналысты.

Ірі қайраткер ғұламаның артында аса мол әдеби-ғылыми еңбектері мұра болып қалды. Сондай мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, оны жүйеге келтіріп, баспа бетіне ұсынған ауыз әдебиеті үлгілері. Нақтырақ айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы “Ер Сайын” жыры, 1926 жылы “23 жоқтау” кітаптары жарық көрді. 

Сонымен қатар, Ахмет қазақ тіл ғылымына үлкен жаңалықтар әкелген, қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы болды. Ол араб әліпбиінің негізінде төте жазуын, яғни, қазақтың алғашқы төл әліпбиін жасады. Төте жазуды енгізу барысында барлық айтылатын дыбыстар мен жазылатын әріптерге дейін кем-кетігімен қосып ойланған. Соның нәтижесінде үздік жазуды ұсынды. Ахмет өзінің көптеген кітаптарында қазақ тілінің теориялық, ғылыми, сонымен қатар, әдістемелік мәселелерін де кеңінен талдап берді.

Биыл Ахмет Байтұрсынұлы туғанына 150 жыл толып отыр. Кезінде жазықсыз атылған Ахмет есімі жарты ғасыр бойы аталмай, лайықты орнын ала алмады. Оның әрбір шығармасын оқи отырып, ұрпағы өзіне рухани күш алады. Әрбір өлеңінің сөзі тұнып тұрған философия десек қателеспейтініміз анық. Ол әр шығармасын жаза отырып, болашақты болжай алған секілді. Әр өлеңінен қазақ халқының мұңын, жырын көруге болады, тіпті сол халықтың үмітінен сыр шертіп тұрған сыңайлы.

Егерде қазіргі уақытта Ахмет, Мағжан, Сәкен, Міржақып секілді тек елім, халқым үшін адал қызмет етемін дейтін азаматтар көп болса, елімізде шешілмес мәселе туындамас па еді…Мына біз болашағымызға нық сеніммен, жарқын көзімізбен қарар ма едік…

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Абилова Назым


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама