Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Үлкен шаңырақ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Үлкен шаңырақ»
Мақсаты:
1. ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін ояту. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу.
2. Әлеуметтік жағдайға бейімделген адамгершілігі мол ұлтжанды, толеранттық, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамуға арналған тәрбие саласындағы заң актілерін орындауға оқушыларды ұйымдастыру және оған жағдай жасау.
3. Қазіргі өмірге сай бейімделген, бойындағы бар күш – қуаты мақсаттарға бағытталған, өзінің әлеуметтік кәсіби бағдарын айқындауға ішкі ресурстарын басқара алу мүмкіндігі жоғары, азаматтық құндылықтарды бойына жинақталған әлемдік бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
4. Ата – анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Адамгершілікке, білімділікке, еңбекқорлыққа, адамдыққа, адалдыққа баулу. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты нығайту; үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға, өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата – анасын, жора – жолдасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау; дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмаларды ата – аналармен бірлесе отырып шешу.

Міндеті:
1. Оқушылар бойында азаматтық, ұлтжанды, салауатты өмір салтын қалыптастыру..
2. Жеке тұлғаның жан – жақты дамуына ықпал ету.
3. Ұлттық рухани құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіре отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, Отан ісіне қалтқысыз берілген, отан сүйгіш, шығармашыл, өзін – өзі басқара алатын тәуелсіз елдің жеке тұлғасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Өзін – өзі тәрбиелеу сабағы
Көрнекілігі: Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші – алтын бесік», «Өз елім – өлең төсегім», «Отан – елдің анасы», суреттер, Ту, Елтаңба, «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухы қазақтың!», «Тәуелсіздік ассоциациясы», сюжетті суреттер, қанатты сөздер, Қазақстан картасы, сызбанұсқа.
Өткізу әдісі: Әңгімелесу, пікірталас, өлең оқу

Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушылық кезең.
Кіріспе бөлім
1 - жүргізуші:
- Кайырлы күн құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге еңгелі отырмыз.
- Қалай ойлайсыздар, ол – қандай әлем? Мына тақтада жайдарлы жарқын кең қазақ даласында ақ отауды көріп отырсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы болады. Ол отаулар бірігіп, үлкен шаңырақты түзеді.
2 - жүргізуші: - Шаңырақ дегеніміз не?
-«Үлкен шаңырақ» деп нені айтамыз?
1 - жүргізуші: Ол – Атамекен, Отан.
2 - жүргізуші: Отан дегеніміз не?
1 - жүргізуші: Отбасы – осы Отанның кішкентай бөлшегі.
2 - жүргізуші: Бұл шаңырақта кімдер тұрады?
1 - жүргізуші:
- Бір үйде, бір «Үлкен шаңырақта» 140 туыс бірге тұрыпты, бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату – тәтті тұрыпты.
Мұны көрген көршісі келіп:
- Біз бір үйде 2 - 3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыңдар?,- депті.
- Балалар, осының себебін сендер не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар пікірі.
- Өзара түсіністік, Сыйластық, Еңбексүйгіштік, Мейірімділік, Қайырымдылық, Білімділік
2 - жүргізуші:
- Ендеше біздің бойымызда қандай да бір жақсы қасиет болса ғана, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ» - Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.
1 - жүргізуші:
- Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда.
2 - жүргізуші:
- Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар?
Ту, Елтаңба, Әнұраны.
1 - жүргізуші:
- Қазақстанның Туы қай кезде көтерілуші еді?
- Жеңіске жеткенде, мерекеде, екі ел арасындағы кездесуде.
- Ендеше, өзіміздің бойымыздағы жаман әдеттен арылып.
Туымызды жоғары көтеріп тұрып, «Үлкен шаңыраққа» аяқ басайық. (Әр оқушы өзінің жаман мінездерін, әдетін қағазға жазып, жағып жібереді).
Патриоттық сезіммен,
Әнұран – «Менің Қазақстаным»
Ой – толғау:
Екі дос кездесіп, әңгіме дүкен құрады:
Біріншісі:
-«Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой»- деді.
Ал, екіншісі:
-«Менің ұйықтағым келмейді, елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,- деді.
1 - жүргізуші:
- Сендер осы екеуінің қайсысының жауабын қолдар едіңдер?
Оқушылардың пікірі:
2 - жүргізуші:
«Үлкен шаңырақтың» ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 20 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен есте қалды. Біздің осы «Үлкен шаңырағымызда» болған атаулы жетістіктер мен шежіресін мақтанышпен атап өтейік:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама