Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа факультет ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері факультетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факультет жоғары әскери білім жүйесіндегі кең бейінді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларды шешу үшін құрылған. Факультеттің ашылу салтанатына Ұлттық қорғаныс университеетінің бастығы генерал-майор Асхат Рысбаев, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының штаб бастығы полковник Алмаз Ахмадиев қатысты.

«Мемлекеттің әскери қуаты тек қазіргі заманғы жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің саны мен сапасына негізделмейді. Жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға мүмкіндік беретін әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету де қажет. Осы саланың мамандары игеруге тиісті біліктілік талаптары мен кәсіби құзіреттің маңыздылығы бізді даярлықтың қазіргі заманғы жаңа жүйесін құруға итермелейді. Осыған байланысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарына қойылар талап та арта түспек», - деп атап өтті университет бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев.

Осы бағыттағы біріктірілген басқару жүйесінің маманы тылдық, техникалық, көліктік және медициналық қамтамасыз ету сияқты құрамдас түрлердің негізін білуі қажет екенін атап өткен жөн.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама