НБ РК
- 30 сәу. 2026 21:31
- 23
Ұлттық банк 1000 теңгелік жаңа монета шығарады
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының құрметіне арналған коллекциялық монеталарды айналымға енгізеді. Аталған монеталардың саны шектеулі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Футболдан әлем чемпионаты-2026
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 мамырдан бастап «Спорт» сериясы бойынша FIFA World Cup 2026 коллекциялық күміс монеталары сатылымға шығарылады. Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, алтынмен қапталған, диаметрі 37 мм, салмағы 20 грамм және «proof» сапасында дайындалған. Оның номиналы – 1000 теңге.
Монетаның реверсінде чемпионатты қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің тулары бейнеленген. Ортасында «FIFA WORLD CUP 26 TM» жазуы бар, жер шарының суреті салынған. Төменгі жағында FIFA Кубогы, ал екі жағында футбол алаңындағы ойыншылардың силуэттері орналасқан.
Қазақстанның ішкі нарығына арналған монеталардың саны – 1500 дана, ал сыртқы нарыққа арналғаны – 500 дана. Бұл монеталар ел аумағындағы барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына аудару, банктерде айырбастау және ауыстыру үшін номиналдық құнымен қабылданады.
Чемпионат туралы
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты – бұл әлемдегі ең ірі футбол турнирі. Ол АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Бұл турнирде алғаш рет 48 команда қатысады. Ойын 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.
-
Әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркалы мұнайдың баррелі 116 долларға дейін құлдырады. Бұл жағдайдың Қазақстан экономикасына әсері қандай болады?