Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Ұр тоқпақ ертегісі
Тақырыбы: Ұр тоқпақ ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Кейіптендіру
Мақсаты:
1. Балаларды ертегімен таныстыру, кейіпкерге ене білуге үйрету
2. Ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
3. Кейіпкерлердің қимылын жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: қазақ үйрек, аңдар, қуыршақтар, ұр тоқпақ

Ұйымдастыру кезеңі: Ал, балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің балабақшамызға көптеген тәрбиешілер, топ балалары қонаққа келіпті. Қане сол қонақтармен сәлемдесейікші.
Музыка залы әдемі әшекейленген. Жан-жақтың бәрі ауылдар, жердің бәрі жасыл кілем жамылғандай.
Автор: Құрметті қонақтар қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Балауса» тобының кейіпкерлері.
«Ұр тоқпақ»
Автор: Бұрынғы өткен заманда шал мен кемпір өмір сүріпті, олар өте кедей болыпты. Күндердің бір күнінде шал тұзақ құрыпты, тұзағының ішіне бір қаз түсіпті.
Шал енді қазды бауыздайын деп жатса
Қаз: - Ата сен мені босат, бір жылдан соң маған кел, мен сенің сұрағаныңның, айтқаныңның бәрін орындайын.
Автор: Шал келіп кемпіріне болған жайтты әңгімелеп айтын береді, ашуланған кемпір.
Кемпір:- Әй сенде бір, өзімізде аш отырмыз ғой.
Автор: Осылайша бір жыл да өтеді. Кемпірі шалды әлгі «Қазға» жібереді
Шал келе жатса алдында түйеші түйе бағып жүреді.
Шал: - Қарағым! Мына түйелер кімдікі?
Түйеші: - Бұл «Қазбайдың» түйесі
Автор: шал: Е, бұл сол қаздың түйелері шығар – деп ойлайды. Шал келе жатса, алдында қойшы қой бағып жүреді, ол қойшыға жақындап келіп.
Шал: - Шырағым! «Ассалаумағалейкум»- мына қойлар кімнің қойы?
Қойшы: - Бұл «Қазбайдың» қойы
Шал: Балам Қазбайдың тағы несі бар?
Қойшы: - Оның үш қасиетті заты бар: 1 - ші «Піс қазан» 2 - сі «Құс есек»
3 - сі «Ұр тоқпақ»
Автор: - Сөйтіп шал «Қазбайдың» ауылына да жетеді
Шал: - Ассалаумағалейкум! Қазбай!
Қазбай: - Уағалайкум - ассалам, ата жеттің бе?
Шал: - Мен сенен «Піс қазаныңды» сұрауға келдім
Автор: - дейді шал. Осылайша Қазбай шалдың сұрағанын береді. Шал келе жатса алдынан бір топ балалар шығады.
Балалар: - Ата асқа кіріңіз
Шал: - Жарайды
Автор: - Шал кіріп бара жатып былай дейді.
Шал: - Балалар «Піс қазаным» демеңдер
Балалар: - Мақұл ата!
Автор: Балалар атаны тыңдай ма, жоқ, ата кіре салысымен олар шулап:
Балалар:- «Піс қазаным піс, Піс қазаным піс»
Автор:- деп шулай бастайды. Шал астан шығады, бірақ балалардың қазанды ауыстырып жібергенін білмейді.
Шал: - Кемпірім мен саған бір қасиетті зат әкелдім
Кемпір: - Ол не?
Шал: - Ол «Піс қазаным» - деп жауап береді
Кемпірі:- «Піс қазаным піс, піс қазаным піс»
Автор: Қазанның пісірмей жатқанына көзі жеткен кемпір шалды үйінен қуып жібереді. Шал Қазбайға келеді
Шал: - Қазбай сенің мынауыңнан ештеме шықпады
Қазбай: - Піс қазаным піс
Автор: Қазаннан ешнәрсе шықпаған соң, Қазбай «Құс есегін» береді
Шал келе жатса алдынан балалар шығады, асқа шақырады.
Шал:- Балалар «Құс есегім» демеңдер
Балалар: - Мақұл
Автор: Шал үйге кіріп кеткен соң - ақ балалар: «Құс есегім, құс»- десе, есек алтын құсады. Балалар есекті басқа есекпен айырбастап, шалдың есегін жасырып қояды.
Шал есекті жетектеп үйіне келеді.
Кемпір: - Қазға барып алып келгенің осы ма?
Шал: - «Құс есегім, құс»
Автор: - десе, еш нәрсе құспайды. Шал есекті жетектеп Қазбайға тағы келеді.
Шал: Қазбай, мына есектен еш нәрсе шықпады,-
Қазбай: - «Құс есегім, құс»- десе, еш нәрсе құспайды
Автор: Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен.
Балалар: - Ата, асқа түсіңіз,-
Автор: Шал үйге кіріп бара жатып:
Шал: - Шырақтарым, «Ұр тоқпағым, Ұр»-
Автор: - демеңдер,- дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр тоқпағым, Ұр!» - дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын ұра жөнеледі. Ұрып жүр, ұрып жүр... Балалар тоқпаққа жалынады.
Балалар: - «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді» берейік»
Автор: - дегендерін шал шығып келе жатып естіп қояды. Шал келіп:
Шал: - Әп, бәлем, «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?
Балалар:- Мақұл! Әкеліп береміз!
Автор: - дейді. Шал «Ұр тоқпақты» қойғызды.. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып үйіне келеді. Сөйтіп мұратына жетеді.
Ұр тоқпақ ертегісі жүктеу

Жаңалықтар

Жарнама