tengrinews.kz
- 13 ақп. 2026 13:01
- 25
Ұшақ қозғалтқышы істен шығып, жолаушылармен бірге мәжбүрлі қонуға мәжбүр болды
Нигерияда жолаушылар ұшағы қозғалтқышының істен шығуына байланысты мәжбүрлі қонуға мәжбүр болды. Бұл оқиға 11 ақпанда болған.
Arik Air әуекомпаниясының Boeing 737-7GL ұшағы Лагостан Порт-Харкортқа ұшып бара жатқанда, ұшу кезінде бір қозғалтқышы істен шыққан. Бортта 80-нен астам жолаушы болған.
Экипаж ұшақтың бағытын өзгертіп, Бенин әуежайына апатты жағдайда қонды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Тергеу басталды
Нигерияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі оқиғаларды тергеу бюросы (NSIB) аталған Boeing 737-7GL ұшағына қатысты тергеуді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зақымдалған қозғалтқышта айтарлықтай бұзылулар анықталған.
30 күн ішінде алдын ала есеп жарияланып, тергеу аяқталғаннан кейін қорытынды құжат шығарылады.
Ұшақ ұшуды жалғастыра ала ма?
Авиациялық сертификаттау талаптарына сәйкес, Boeing 737 сияқты екі қозғалтқышты ұшақтар бір қозғалтқышы істен шыққан жағдайда да қауіпсіз ұшуды және қонуды жүзеге асыра алады. Мұндай жағдайларда ұшқыштар нақты нұсқаулықтар бойынша әрекет етеді: ақаулы қозғалтқышты өшіріп, ұшу параметрлерін тұрақтандырып, жақын маңдағы қолайлы әуежайды таңдайды. Бұл сценарийлер тренажерларда пысықталады және экипаждардың міндетті даярлығына кіреді.
Бұған дейін StarSky әуекомпаниясының жолаушылар ұшағының ұшып шыққаннан кейін құлағаны туралы хабарланған болатын.