Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұшақтағы люкс кабиналар

Жайлылықпен ұшу – бірінші класспен ұшу. Назарларыңызға ішінде барлығы қамтылған 7 ең керемет каюталарды ұсынамыз.

Сингапур

© singaporeair

Кеңшілік – Сингапур әуе жолдарының дағдысы. Кең төсектер қызыл ағаштан жасалып, жоғары сапалы терімен қапталған. Купелер кең әрі оқшауланған.

 

© singaporeair

Таңдаулы мәзір әуе компанияның Халықаралық аспаздар алқасымен жасалған.

 

Катар

© qatarairways  

Катар әуе жолдарынның бірінші классы мамық көрпелі ең жайлы төсектермен қамтылған.

 

© qatarairways

10 тағамнан тұратын түскі аста: уылдырық, лобстер, араб тағамдары және таңдаулы шоколад бар.

 

Австралия

© qantas

Австралиялық люкспен ұшқаныңызда жайлы төсекпен қатар пижама мен бетке жағатын крем беріледі.

 

© qantas

Крем мен пижама сізді таңдандырмаса, ұшақта сізге әртүрлі процедуралар ұсынылады, мысалға: массаж және спа.

 

Біріккен Араб Әмірлігі

© etihad

Бірінші класс, нақтырақ гауһар классы бірқатар үйлерден де керемет. Екі кісілік кереует, таңдаулы ас және толық қамтылған сервис.

 

© etihad   © emirates

Душ, дәретхана және қонақжай бар.

 

Ұлыбритания

© britishairways

Люкске сай әр орын толығымен автоматтандырылып, соңғы заманауи техникалармен жабдықталған.

 

© britishairways

Барлық басқару 23 дюймді экран арқылы іске асады. Мысалға: асқа тапсырыс беру, терезені қараңғылату немесе орныңызды жатын төсекке айналдыру.

 

Жапония

© jal  

Жапонияның бірінші классы ағаш және таза терімен әрленген. Отыратын орын төсекке айналады, сонымен қатар ұшақтың басқа бөлігінен оқшаулануға болады.

 

© jal

Қажеттінің барлығына үлкен экран арқылы тапсырыс беруге болады.

 

Франция

© airfrance  

La Premiere француз люксы мейрамханаға ұқсайды. Қалаған асыңызға тапсырыс беруіңізге болады.

 

© airfrance  

Отыратын орын ыңғайлы диванға немесе төсекке айналады, теледидар көрсеңіз де кітап оқысаңыз да орын жеткілікті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама