- 05 нау. 2024 02:45
- 197
Ұстаздық еткен жалықпас
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Топ жетекшісі: Айтпенбетова Г. Ж.
Жүргізуші:
Қадірменді ұстаздар! Құрметті қонақтар!
Сырлы табиғатпен қатар келген «Ұлағатты ұстаздардың» төл мерекесі құтты болсын!
Ұстаздар мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге арманның аяулысын, бақыттың баяндасын, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Денсаулықтарыңыз мықты болып, ұстаздық өмірлеріңіз шуақты болып, шәкірттеріңіз тұғырлы биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз.
Ұстаз – тұлға, ұлағатты, ұлы есім
Жүрегінде мәңгі орнаған шәкірттің
Білімменен тәрбиенің өзегі
Бастауысың - өмірдегі бақыттың
Жақсылыққа жаны құмар жансыздар
Адалдықпен әділдікке жақсыздар
Мерекеңіз қатар келген күзбенен
Құтты болсын ұлағатты ұстаздар!
(Оқушы тілегі мен ұстаздарға арналған арнау өлеңі) Мәнерлеп оқу
Мың бұралған бишілер өрнектелген
Жақсылықты тек қана көрмек керек
Салтантты кешімнің ән – шашуы
Бір топ қыздар мінекей билеп берер
Би
«Ұстаздан шәкірт озса, ол да ұстаз еңбегі» демекші, Шәкірт жүрегінен мәңгі орын алар ұстаз тұлғасы қашанда биік бола бермек. Ұстаз - ұлы есім, ұстаз - ұлы тұлға. Білім нәрімен сусындатып, «өмір» деген даңғыл жолға, қадамын «нық» басуы үшін әрбір шәкіртіне қамқоршы анасындай, әкесіндей бола білген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі қашанда ерен.
Сенбе досқа тұрсада қанша мақтап
Сөз етеді ішіне қулық сақтап
Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Білімің мен ақылың екі жақтап
Ұстаз өмірі - қиындық пен қызыққа толы ғұмыр. Шәкірт жүрегінің шырағын жаға білер, ұстаз иығына артылар жүк қашанда ауыр болмақ.
Бүгінгі салтанатты кешімізді ресми түрде ашып беруі үшін Қызылорда аграрлық техникалық колледжі директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Сайдулла Бауыржан ағайға және талай жылдардан бері колледж қабырғасында аянбай еңбек етіп, саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардақты ұстазымыз «Есептеуіш техника және экономика» бөлімшесінің меңгерушісі Мамырайымов Әлайдар ағайға сөз кезегін ұсынамыз.
Ұстаз – дана, адалдықтың туындай
Жүректегі әсем саздың жырындай
Бас иеміз қайратыңа ұстазым
Келесіздер даңғыл жолда жығылмай
Аяулы ұстаздар қауымы келесі әнімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
«Ұстазым» әні орын:
Той бастар сәнім болған салтанатты
Қазағым ән мен жырдан шаршамапты
Қабыл ал, шашуымды тойға арнаған
Тербеткен сырлы сазбен бар ғаламды
Ойын (оқушылар оқытушылармен)
Ұстазым нұрын шашқан жүрегімен
Айтқызбай шәкірт жанын біле білген
Сіздерді пір тұтамыз ұстаз қауым
Қабыл ал, әсем жырды тілегіммен
Келесі кезекті әсем әнге береміз
Білімнің қайнар бұлағы
Өмірдің жанған шырағы
Ұстазым – Ұлы тұлғасың
Арналған сізге жыр - әнім
Ойын
Осымен ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!