f.azh.kz
- 29 мам. 2026 01:30
- 23
Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаздан» неге мерзімінен бұрын кететіні белгілі болды
Қазақстан мұнай саласының ардагері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан мерзімінен бұрын кететін болды. Бұл туралы «Нефть и газ Казахстана» телеграм арнасы хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кетіп қалу себебі
Ұзақбай Қарабалин өзінің өкілеттігін 29 мамырдан бастап өз еркімен тоқтату ниетін білдірген. Ол 2016 жылдың қаңтарынан бері «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып келген еді. Осы уақыт ішінде ұлттық компанияның дамуына белсенді атсалысып, тәжірибесімен бөлісіп отырды.
Жаңа мүше кім болады?
«ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесіндегі босаған орынға «Самұрық-Қазына» қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тәубаев кандидатурасы ұсынылып отыр. Тәубаев – мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау инженері мамандығы бойынша ҚБТУ-ды бітірген, сондай-ақ Италияның Турин политехникалық университетінде мұнай-газ ісі мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Ол геологиялық барлау, бұрғылау, көмірсутек кен орындарын игеру салаларында мол тәжірибеге ие.
Егер сайланса, ол 30 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзіміне сәйкес қордың мүддесін білдіретін болады.