Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 минут бұрын)
Виетнамда қазақстандық әйел жоғалып кетті: туыстары көмек сұрайды

Виетнамда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің туыстары оны іздестіруге көмек сұрап, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. 26 жастағы Асем есімді азаматша 6 наурызда Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқан.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы хабар

Асемнің әпкесінің айтуынша, сіңлісі Ханойға ұшып бара жатқанда, әуежайдан 20 шақырымдай жерде байланыс үзілген. Ол жоғалуының алдында қатты қорқып, өзін біреу бақылап жүргенін айтқан.

Іздестіруге көмек

Отбасы Виетнамда немесе көрші елдерде жүрген, сондай-ақ сол жақта танитындары бар жандарды көмекке шақырады. Әсіресе, WhatsApp және Telegram желілеріндегі жергілікті және туристік топтарға назар аударуды өтінеді.

«Егер сіздің Виетнамда туыстарыңыз немесе достарыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Мүмкін болса, полиция мен ауруханаларға хабарласып көріңіздер», - деді Асемнің әпкесі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолданды.

Жаңалықтар

Жарнама