Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
WhatsApp-тағы елес хабарламалар: Сәрсемәлиев марқұмдардың атынан хат жіберген бе?

Атыраудағы сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жәбірленушілердің туыстары марқұм болған жақындарының телефондарынан хабарламалар мен аудиожазбалар келгенін мәлімдеді. Бұл жағдай, марқұмдар әлі тірі жүргендей әсер қалдырған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұмның атынан келген аудиожазба

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның ағасы Тілекқабыл Өтешқалиев куәлік етті. Оның айтуынша, өткен жылдың 7 қарашасында отбасылық WhatsApp тобына қарындасының нөмірінен аудиохабарлама түскен. Хабарламада туыстардың жағдайы, денсаулығы және күнделікті тіршілігі туралы сұрақтар болған.

“Бұл оның көзі тірісінде жазылған ескі аудио болуы мүмкін”, – деді Тілекқабыл Өтешқалиев сотта.

WhatsApp арқылы алдау

Бұған дейін Наурыз Мұқанғалиевтің тәтесі Шилмағамбетова да сотта жиеніне хабарласа алмағанын, бірақ WhatsApp арқылы хабарламалар алғанын айтқан еді. Оның сөзінше, Наурыздың атынан туыстарына анасының денсаулығы нашарлап, оны емдету үшін Ташкентке алып кеткені жазылған. Сондай-ақ, емге ақша қажет болғандықтан, үйдегі мал сатыла бастағаны туралы хабарламалар келген.

Қаржылық шығын

Айыптау актісіне сәйкес, Мақсот Қарабалинге тиесілі 17 қой 950 мың теңгеге сатылған. Ал Наурыз Мұқанғалиевтің атынан тағы екі сиыр 500 мың теңгеге өткізілген. Бұдан бөлек, айыптау тарабының мәліметінше, Сәрсемәлиев марқұм туыстарының банк карталарын пайдаланып, олардың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдерін алуды жалғастырған.

Прокуратураның дерегінше, марқұмдардың есепшоттары арқылы мемлекетке 600 мың теңгеден астам шығын келген. Ал мал сатудан келген залал 1 миллион 450 мың теңгені құраған.

Қылмыстың себептері

Прокурор Мирас Бауыржановтың айтуынша, Наурыз Мұқанғалиев, Нәсіп Өтешқалиева, Мақсот Қарабалин және Мейрамгүл Қарабалина өлтірілгеннен кейін айыпталушы қылмыстың ұзақ уақыт ашылмайтынын ойлаған. Сондай-ақ, ол кейін өзі бой тасалауды жоспарлаған деген нұсқа да айтылды.

Жаңалықтар

Жарнама