Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Халық ауыз әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту

Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, алықтың міндеті.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен таныстыру. Көркем әдебиетке  қызығушылығын арттыру. Балаларды халық ауыз әдебиеті мен танымдық көркем әдебиет шығармашылығымен таныстыру. Әдеби шығарма кейіпкерлерімен салыстыра отырып айнала қоршаған әлем, адами сезімдер мен адами қарым-қатынас туралы пікірлерін білдіруге, ойын ашық жеткізеге  үйрету.

Жоспары:

І. Кіріспе

Халық ауыз әдебиеті – өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы.

ІІ. Негізгі бөлім

Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы.

ІІІ. Қорытынды

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған кезде – ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмір, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен, эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді.

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу болмаған кздің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

1. Имандылық пен адамгершілік
2. Патриоттық
3. Эстетикалық
4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
5. Өнер

Ауыз әдебиетінің түрлері:

1. Ертегілер
2. Жұмбақтар
3. Жаңылтпаштар
4. Мақал–мәтелдер
5. Тыйым сөздер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық  прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар ертегілер;
2)  қиял-ғажайып ертегілер,батырлықертегілер;
3)  хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Жұмбақ  – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармылығында  Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны  тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Мақалмәтел — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. 

Тыйым - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие  құралдарының  бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.  Жаңылпаш  ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

Күтілетін нәтиже:

1. Сын тұрғысынан ойлауы дамиды.
2. Қызығушылықтары оянады.
3. Мағынаны ашуды (ажыратуды) үйренеді.
4. Тілдік қоры дамиды.

Қорытындылай келе халық ауызы әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу іс–әрекеттері мен оқу іс–әрекетінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу керек.

Балалардың санасына туған еліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі ұялады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан–жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім тәрбиесі бар. Осыдан үлгі–өнеге алып, ата–бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің  әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептеймін. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер, тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Болашақтың базары да, келешектің-кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелен ұрпақ тәрбиелеу-әрбіртәрбиешінің міндетті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының  молаюына балабақша  тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

Тәрбиеші оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың дәстүрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланып, игі нәтижеге жету. Педагогикалық үрдісте бала жанының қозғалысы педагог жанының үйлесімін тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады.

Бала – келешек, бала – үміт, бала – өмірдің жалғасы. Сол себепті де баланы тәрбиелеу – баршаның ісі.

Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейне сінен көрінеді. Сондықтан дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу менің басты мақсатым деп білемін.

Джумагазиева Жадырасын Нуровна


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама