Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Сынып: 9
Тақырыбы: Халықтың ұлттық және діни құрамы
Мақсаттары: Білімділік. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы көзқарастарын қалыптастыру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық. Қазақстанның халықтың ұлттық және діни құрамын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның саяси - әкімшілік картасы

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин) Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?
Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?
Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?
Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?

3. Жаңа материалға көшу кезеңі
1. Этнография ғылымы нені зерттейтінін еске түсіру.
2. Дүние жүзінде қандай әлемдік діндер таралған?
3. Қазақстан жеріне ислам діні қашан келген?

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі.
1. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру
2. Қазақстан халқының ұлттық құрамына шолу: Қазақстан халқының ұлттық құрамының қалыптасуына сипаттама беру. Халықтың тілдік ұқсастықтарына байланысты лингвистикалық жіктемесін түсіндіру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту.
3. Діни құрамына шолу: Халықтың ұлттық құрамы мен дінінің тығыз байланыстылығын түсіндіру. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау. Кескін картаға Қазақстан халқының ұлттық құрамын түсіру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі Этнография ғылымы нені зерттейді?
Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?
Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?
7. Үйге тапсырма §5 оқып, кескін картаға ҚР халқының көші-қон географиясын салып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама