- 23 қаз. 2015 00:00
- 261
Халқының қайсар азаматы
Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев – ұлағатты ұстаз, ғажап ғалым, ардақты азамат десек артық айтқандық емес. Ол кісінің өмір жолын саралап отырсаңыз, ол – ғалым-физик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралык Жоғары мектеп ҒА-ның академигі, Университет ректорлары халықаралық ассоциациясының мүшесі, Орталык Қазақстан жоғары оку орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы. Ассистент, оқытушы, ҚазМУ-де стажер-зерттеуші, аспирант, ҚарМУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университетің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау педагогикалық институтың ректоры. 1991-2003 ж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттек университетінің ректоры. 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Шет ауданның құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері... Осындай қиындығы мен қызығы араласып жатқан жұмыстардың басы-қасында болып, абыойға бөленген, өмірінің әрбір уақытын білімге, ғылымға арнаған қазақтың біртуар азаматтарының бірі деуге әбден лайық азамат дер едік. Ұлылардың өмірі мен өнегелі қызметі – ұрпаққа өнеге емес пе?
Ұлылардың мұрасын жалғастырған,
Біртуар азаматы - ол халқының.
Ғұмырын арнап білім саласына,
Өшпейтұғын артына із қалдырған.
Еңбегі өлшеусіз ғой ұлы адамның,
Бола білген әркімге де пана, демеу.
Студенттің қамын да, жұмысшының,
Еш сәтте де есінен шығармаған.
Талап қою, әділдік, төзімділік,
Басшыға тән қасиет бәрі өзінде.
Қауымның қадіріне бөленген жан,
Бағыт-бағдар беруден шаршамаған.
Тарихтың толқынында жүрген жүзіп,
Өмірде өлсе де ол, өшпейді ізі.
Шәкіртпіз сондай ұлы тұлғаға біз,
Асқақтап мәртебеміз мақтанамыз!
Қай қызметте болмасын, ең алдымен адамдардың абыройын ойлаған, ұлттық тілдің қадір-қасиетін, ұлттың намысы мен рухын жоғары ұстаған ардақты азамат жайлы қай деректерді оқысаңыз да мол тағылым алар едіңіз. Себебі, өз басының қамынан гөрі халқының қамын ойлаған Жамбыл Сәулебекұлы - тәуелсіз қазақ елінің асыл азаматы. Қашан да осындай ардақты да, парасатты, қайратты да қажырлы адамдар әрбір істе халқының жанынан табылса, соңында қалған жұрты жаман болмас еді. Абыроймен қызмет атқару - әрбір парасатты азаматқа тән қылық. Өмірде қайталанбас тұлғалардың бірі болған, біздің студенттік кезімізде білікті басшы болған Жамбыл Сәулебекұлы – дәл сондай жан! Туған жеріндегі туған-туысқандары, ол азаматпен әріптес, замандас болған адамдар үшін де орны бөлек болғаны аян.
Өмір деген өмір ме,
Ақ-қарасы болмаса?!
Еңбек деген еңбек пе,
Халқына қызмет қылмаса?!
Артық туған азамат,
Халқының сөзін сөйлейді.
Бұл өмірден өтсе де,
Еңбегі оның өлмейді.
Шәкірттері жалғайды,
Ұлы ұстаздың өмірін.
Мол мұра ғып сақтайды,
Үйреткен әрбір тәлімін.
Бас иеміз ғалымға,
Шәкірттері атынан.
Жасай берсін мәңгілік,
Ұлы ұстаздың есімі!
Кузембаева Толкын Кабиевна
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Сәтбаев қаласы, Қарағанды облысы