Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Хақназар хан (1538 - 1580)
Хақназар хан (1538 - 1580)
Конспект
Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтуға, халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538 - 1580) зор үлес қосты. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, Орыс мемлекетімен, өзбектермен бейбіт қарым - қатынас жасауды басты міндеті санады. Хақназар хан батыстағы Ноғай Ордасымен, оңтүстігінде Орта Азиямен, солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым - қатынас орнатты.
Жетісуға ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиілеуі Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатты. Моғолдармен соғыстағы сәтсіздік пен ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназар хан Жетісудың біршама жерінен айрылды. Хақназар хан Бұхар ханы II Абдаллахпен “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде “ант беріскен шарт” жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, сауда қатынасы ұлғайды. 1579 жылы II Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар жасырын түрде екеуін де қолдады. Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы қалаларды сыйға берді. Баба сұлтан да Хақназарға Түркістан, Сауран қалаларын тарту етті. 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін сезіп қалған Баба сұлтан, жансыздары арқылы Хақназарды сұлтандарымен бірге өлтіреді. Хақназар хан сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.
Конспект сұрақтар
1. 1569 - 1573 жылдары Қазақ хандығында болып қайтты:
2. II Абдаллах пен Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды:
3. Хақназар хан “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде шарт жасасты:
4. 16 ғасырдың ортасында Дон даласына қарай ығысты:
5. Қазақ хандығына келіп қосылған Ноғай Ордасының тайпалары:
6. Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан жағдай:
7. Моғолстанға қарсы құрылған әскери одақ:
8. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы басты міндеті:
9. Хақназар хан батысында қарым - қатынас орнатқан ел:
10. Cаяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіруге үлес қосқан билеуші:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама